Қоқыс жағуға тиым салынады !

Жарияланған: 03.05.2017


Өрт қауіпті кезең басталуымен өрт жағдайы күрделенеді. Көбнесе осы кезеңде құрғақ шөпті, қоқысты бақылаусыз өртеу тұрғындармен жүргізіледі.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі көктемгі- жазғы өрт қауіпті кезенде қоқыс және құрғақ шөпті жағуға тиым салу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.  

Рейд барысында ғимараттардан 50 метр жақын жерде қоқыс және құрғақ шөптер жаққан 32 адамға нұсқамалар жасалып, жадынамалар таратылды. Нұсқама жасау барысында тұрғындарға:

  • - Отпен абай болу;
  • - Балаларды отпен ойнатпау;
  • - Ғимараттардан 50 метр және орман алқаптарынан 25 метр жақын жерде қоқыс және құрғақ шөп жақпау туралы ескертілді.

Сондай-ақ, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 410 бабының 1 тармағына сәйкес 11845 теңгеге дейін айыппұл салынатыны ескертілді. Рейдік іс-шара өрт қауіпті кезең бойы жүзеге асырылатын болады.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі егер Сіз, қарапайым өрт қауіпсіздік талаптарын сақтасаңыз үлкен шығындарға және адам өліміне жол бермейтіндеріңізді ескертеді.

Өрт болған жағдайда 101 телефонына хабарлаңыз. Ұялы байланыс арқылы қоңырау шалу тегін.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы