Оқушылармен кездесу

Жарияланған: 15.01.2018


Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Мұздан абай бол!» тақырыбында мамандардың оқушылармен кездесуі өтті. Тақырып аясында көктайғақ, қатты жел, өрт кезінде  және су айдындарындағы мұз үстіндегі болатын жарақат алу жағдайлары қарастырылды.

Мұндай кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек және қайғылы жағдайлардың алдын алу жайлы әңгімелер қозғалды. Кездесу барысында оқушыларға  «Қыс айларындағы мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері» атты тақырыптық слайдтар ұсынылды. Қалауы бойынша оқушылар көріп отырған жағдаяттарды талдап, өздерін жарақат алудан қалай  қауіпсіздендіруге болатынын айтып, ойларын ортаға салды.

Әсірісе белсенді болған Сәрсембай Арайлым, Оралбек Бақытжан, Бекшек Рахат, Амантай Арайлым, Балғабай Нұрдәулет, Таштаев Аян, Закванова Сандина, Сапар Қазбек, Сарсембин Абзал, Құсайын Қарлыға қарастырылып отырған тақырып бойынша сұрақтарын қойып, кездесудің өз мақсатына жетуге үлес қосты. Осындай кездесулер ойын жастағы оқушылардың өмір қауіпсіздігіне деген оң көзқарасын қалыптастырып, жауапкершілігін арттыратынына сенімдімін.

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы    С.Б.Джанкулов. 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы