От жағатын пеш – от шашқан тілсіз жау десе болады

Жарияланған: 13.10.2016


        От жағу кезеңі – өрттің жиі пайда болатын кезеңі: пештер, жылытатын элетр приборлары, қолдан жасалған жылыту приборлары, төлелерде және басқа да жерлерде пайда болатын алау от көздері өрттердің пайда болуына себеп болады. От жағу мезгілі жауапкершілікті талап ететін күрделі кезең, оған түбегейлі дайындалып алу қажет.

        Осы уақытқа дейін болған өрттердің талдауына жүгінетін болсақ барлық өрттер мен жану жағдайларының жартысынан көбі жылыту приборларын және от жағатын пештерді дұрыс қолданбаудың салдарынан болады. Ағымдағы жылдың өткен уақытында Баянауыл ауданыныда 28 өрт болды, олардың  30 пайызы - жеке меншік тұрғын үйлерде болды, өрттерден көлемді материалдык шығындар келді.

        Өрт – деген тілсіз жау, оның салдарынан адамдар баспанасынан, мүліктерінен айырылып қалулары мүмкін. Пештен шығатын өрттердің себебі пешті салу кезінде жіберілген өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтары.

        Қыркүйек айының 1 күнінен бастап Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженерлі-инспекторлық құрамымен тұрғын секторда рейдті тексерулері жүргізіле бастады. Жүргізілген рейдті тексерулердің нәтижесінде көптеген тұрғын үйлердегі, моншалардағы от жағатын пештер өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзушылықтарымен жасалғандары және қолданылып жүргендері анықталады. Пештерді қолдану кезінде жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі ол жанатын құрылымдардан белгілі арақашықтықты сақтамау, от жағатын пештердің алдына 50х70 см. қаңылтыр беттерін қақпау, сондай-ақ пештің үстіндегі жарық, сынған плиталарды пайдалану, пештің үстіне ағаш немесе киімдер кептіру және т.б.   

        Егер тұрғындар қарапайым өрт қауіпсіздік ережелері қатаң түрде сақталып отыратын болса, қайғылы нәтижелерге әкеліп соғатын отты зілзалалардың алдын алуға болады. Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі барлық Аудан тұрғындарына от жағатын кезең басталмай тұрып үйлеріңіздегі барлық пештерді мұқият тексеруді, саңылауларын сылауды, түтін шығартын құдықтарын және түтін шығаратын құбырлардың дұрыс қалануы мен орнатылуын тексеруді, мұржаны әктеп қоюды естеріңізге салады. От жағатын пештерді қолдану кезінде пештің қатты қызып кетуіне жол бермеу керек, себебі пеш қатты қызған кезде пештің қабырғалары жарылып кетеді, ал мұндай жағдай өрт көзі болуы мүмкін. Есіктері ашық немесе жартылай ашық жанып жатқан пештерді қараусыз қалтырмауды естеріңізге саламыз. От жағуды балаларға тапсырмаңыздар. Пештің үстіне ағаштарды, киімдерді және жанатын басқадай заттарды жинамаңыздар және кептірмеңіздер. Үйлеріңізді жылытуға қолдан жасалған приборларды қолданбаңыздар. Осы қарапайым ережелерді сақтамасаңыздар Сіздер өздеріңізге, балаларыңызға, жақындарыңызға және мүліктеріңізге қауіп-қатер төндіресіздер.

       Құрметті аудан тұрғындары !!! Қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау адамдарды мерт болудан және мүліктің жоюлудан сақтап қалады. 

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайла рбөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы