Орман және дала алқаптарын өрттен қорғайық!

Жарияланған уақыты: 25.05.2018


Өрт тілсіз жау. Мұны әрқашан ұмытпау керек, әсіресе ыстық жаз уақытында. Құрғақ әрі желді климат, шөпті өсімдіктердің молшылығы Қазақстан облыстарының көпшілігіне тән, олар дала өртінің алып аумаққа тез таралуына себепші болады. Олардың ішінде табиғат бай әрі көрікті орындарды аямай берген Баянауыл ауданы да бар. Ағашқа бай орман және дала, шабындық және жайылым алқаптарының ондаған және жүздеген гектар аудандарының жану жағдайлары өкінішке орай адамның кесірінен болады.

Орман өрттерінің пайда болу белгілері: жалынның тұрақты исі, тұман тәріздес түтін, құстар мен жануарлардың мазасыздық күйі, көкжиектен түнгі (қызыл) шапақтың көрінуі.

Онша көлемді емес орман өртін қалай сөндіреді?
- желдің бағыты мен өрттің таралу жылдамдығын анықтаңыз;
- өрт туралы тұрғындарға ескерту, көмекке шақыру үшін жақын маңдағы ауылға хабаршы жіберіңіз;
- отқа құм тастап, су құйыңыз;
- 1,5-2 метрлік бұтақтардың будасымен немесе дымқыл киіммен алауды жерге (топыраққа) «қағып» сыпыру;
- шағын отты таптаңыз;
- өртті сөндіргеннен кейін кетуге асықпаңыз, оттың қайтадан тұтанбайтына көз жеткізіңіз.

Егер сіз өрт аймағына тап болсаңыз:
- егер өртті өз бетіңізше сөндіру мүмкін болмаса, онда оттың таралу бағытын анықтап шығу жолын табу керек;
- мүмкіндігінше өзеннің арғы жағына өтуге тырысыңыз, су айдынына (бұлаққа) малыныңыз;
- қатты түтіндеген кезде мұрын мен ауызды дымқыл қол ормаламен (киім жеңімен, жағасымен) жауып еңкейе жүріңіз;
- құлаған ағаштардың үлкен қауіп төндіретінін ескеріңіз;
- қауіпті аймақтан өрттің шетіне перпендикуляр тұрған жел жақ (желге қарсы) бетке шығыңыз;
- егер шымтезекті алқап (батпақ) жанып жатса оны сөндіруге тырыспаңыз - бұл қауіпті: жолды сырық таяқпен қармалай тексеріп желге қарсы қозғалыңыз, себебі шымтезек жанғанда бос кеңістіктер қалады, сол ойықтарға сүрініп кетуіңіз әбден мүмкін;
- өрт туралы «101, 112» телефондары бойынша құтқару қызметіне хабарлаңыз.

Орманда тыйым салынған:
- сөнбеген сіріңке талын, темекі тұқылын лақтыруға;
- оңай балқитын немесе бықситын материалдан жасалған тығындарды пайдалануға;
- майланған немесе жанатын зат сіңген материалды қалдыруға;
- бактерге жанармай құюға, машинаның қасында темекі тартуға;
- алау жағуға, шөпті өртеуге;
- тұтандырғыш линза болуы мүмкін шөлмектерді, сынған әйнекті қалдыруға.

Сіздерден табиғатта демала отырып осы аталған қарапайым өрт қауіпсіздгі ережелерін сақтауды өтіне сұрайды, сол кезде сіз бен біз бәрімізге ортақ орман алқаптарын өрттен сақтап қала аламыз.

 

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы