Өртті болдырмау үшін Сізге мынадай өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жөн:
- Электр және газ құралдарын қосулы күйінде қалдырмаңыз, сондай-ақ оған балаларды жақындатпаңыз;
- Уақытша және зақымдалған электр өткізгіш сымдарын пайдаланбаңыз;
- Электресептегіштердегі электрсақтандырғыштар зауыттан дайындалған болуы тиіс;
- Үлкен көлемдегі электр құралдарын бір уақытта қосып электр жүйесіне күш түсірмеңіз;
- Газдың кеміп қалуын тексеру үшін ашық отты қолданбаңыз;
- Сіріңкені балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
- Бөлмені жылытуға бейберекет қолдан жасалған электржылытқыш құралдарын қолданбаңыз;
- Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Өрт және жану оқиғасы болған кезде тез арада телефон арқылы «101», «112»-ге хабарласыңыз.
Есіңізде сақтаңыз!
Баянауыл төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау капитаны И.Рахманов