Назар аударыңыздар, Зика қызбасы! Тұтынушыларға арналған жаднама

Жарияланған уақыты: 23.04.2018


Зика қызбасы – көптеген жағдайда адамға Aedes albopictus  және Aegypti тұқымдас москиттер мен масалар арқылы берілетін жіті инфекциялық ауру, адамнан адамға берілмейді.

Вирус жүкті әйелдер үшін аса қауіпті: Зика вирусы нәрестеде микроцефалия – туа біткен кемістікті туғызады, ол бас сүйегі көлемінің айтарлықтай кішірейіп, және ақыл-ой кемтарлығы, жүйкенің бұзылуы, есту және көру қабілеттерінің бұзылуы сияқты белгілерімен сипатталады.

            Зика қызбасының әдеттегі белгілері:

  • Қызу
  • Бөртпе
  • Бас ауруы
  •  Бұлшықеттердің және буындардың ауруы
  • Асқазанның бұзылуы және ауруы
  • Конъюктивит
  • Жүрек айну және құсу

Қазіргі уақыта Зика қызбасының вакцинасы және оны арнайы емеду әдісі жоқ.

    Қолайсыз елдер: Барбадос, Боливия, Бразилия, Кабо-Верде, Колумбия, Эквадор, Сальвадор, Фиджи, Французская Гвиана, Гваделупа, Гватемала. Гайана, Гаити, Гондурас, Мальдивы, Мартиника, Мексика, Новая Каледония, Панама, Парагвай, Пуэрто-Рико, Сен-Мартен, Самоа, Соломоновы острова, Суринам, Таиланд, Венесуэла.

           Алдын алу шаралар. Алдын алудың негізгі шарасы жұқтырушыларды жою.

        Туристтер, Зика қызбасы бойынша қолайсыз елде болған кезде, масалардың және москиттердің тістеуінен қорғау қажет екенін есте сақтауы тиіс:

- Масалардың ұшып кіруіне жол бермеу үшін терезелер және есіктер торлануы қажет, ұйықтаған кезде төсек жапқышты пайдалану қажет;

- Репелленттерді, электрофумигаторларды (қорқыту құралдары) қолдану ұсынылады;

- Ұзын жеңді және ұзын балақты киім кию.

Зика қызбасының белгілері туындаған жағдайда шұғыл емдеу мекемесіне жүгіну қажет!

Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті

Баянауыл ауданының ТЖ бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы