Назар аударыңыз: мұз қату кезеңі!

Жарияланған уақыты: 15.11.2018


Күздің бірінші төмендеген ауа райында және су айдындарында жұқа мұздың пайда болуымен су айдынында қысқы балық аулау әуесқойлары пайда болды. Мұз қалыңдығы көптеген су айдындарында бірнеше сантиметрден аспайды, бұл жылы киімдегі ересек адамды мұзда ұстау үшін жеткіліксіз. Осындай белсенді демалудың соңы қайғылы қорытындыға алып соғатыны барлығына анық, әуестік қарапайым ережелерді ұмытып және қараша айындағы қатпаған мұзға шығуға әкеліп соғады. Мұз астына түсіп кеткеннен кейін мұздың қалыңдығы ұстануға мүмкіндік жоқ – су болған киім су түбіне тартады, ал суықтан сіңір тартады.

ЖҚЖ деректері бойынша жыл сайын облысымыздың су айдындарында күздің кешінде балықшылар қаза болады, бұл ойлап шешім қабылдаумен шектелетін балық аулау әуестігінің қайғылы қорытындысы. Балықшылар үшін қар басқан жерлер, ал мұз қалыңдығы балық аулау үшін қолайлы болып көрінетін жерлер өте қауіпті.

Балық аулаймын деп өміріңізге қауіп төндіру қажет пе?

Сонымен қатар, ата-аналар назарын балаларына бөлсін дегіміз келеді. Балалар осындай қауіптен сезіктенбей, мұз үстінде шығып, хоккей ойнайды, шанамен сырғанайды. Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері ата-аналардан балаларын байқаусыз қалдырмауын сұрайды.

Мұзға шығып өз өміріңізді қауіпке төндірмеңіз!

Егер сіз мұзға шықсаңыз келесі ережелерді ұмытпаңыз:

- мұзға шығар алдында оның тұрақтығына және қалыңдығына назар аударыңыз. Жаяу жүргін үшін жасылдау түсті және 7 см кем емес мұз болу қажет;

- мұздың тұрақты еместігіне күмәндансаңыз - тез арада жағаға оралыңыз.

- жаман ауа райында, яғни тұман, боран, қарлы ауа райында мұз үстіне шықпаңыз.

Мұздағы төтенше жағдай кезінде келесіні орындаңыз:

- мұзға аяқ-қолыңызбен тіреліп, көлденең жатуға тырысыңыз. Қолыңызды алдыңызда ұстап немесе арқаңызға жатыңыз. Қауіпті жерден шығу үшін жатып қозғалуға тырысыңыз.

- мұз сынған жерге еңбектеп жақындаңыз, өйткені өзіңіз мұз астына түсіп кетуіңіз мүмкін;

- құтқару кезінде жақын жерде жатқан тақтайша, бұтақша, шаңғы, шана немесе басқа затты пайдалану керек. Осы заттардың біреуін алдыңызға салып, еңбектеп барып, мұз сынған жерге 3-4 метрге дейінгі жерде, зардап шеккен адамға созыңыз. Содан кейін оны судан тартып, жағаға немесе тұрақты мұздың үстіне шығарыңыз;

- мұздағы зардап шекенді құтқара отыра, ойланып және тыныштық сақтап, абыржымауға тырысыңыз.

Су айдынының мұзында төтенше жағдай болған кезде 112 телефон арқылы құтқару қызметін шақыртыңыз.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы