Мұзастыбалық аулаушылар назарына!

Жарияланған: 13.04.2017


Биылғы жылғы көктем күнтізбелік мезгілінен кешіксе де, ауданымызға келіп жетті. Тәуліктің жарық мезгілі ұзарып,  күннен келетін жылудың мөлшері де күннен-күнге  артуда. Ауа райының осы қолайлы күндерін пайдаланып, ауыл ішіндегі көлдерге мұзасты балық аулауға баратын  әуесқойлар да жеткілікті. Бір мезгіл шаршағаныңды басып, қармағыңа түскен балыққа балаша қуанып, көңіл көтерген жақсы ғой. Бірақ, сақтықты да естен шығармаған жөн. Ауа температурасының күрт жылынуы көл бетіндегі мұз жамылғысын да белсенді ертітіп жатыр. Көзбен қарағанда әлі де қалың сияқты болып көрінгенімен,  көл жағалауы  мұз құрсауынан әжептеуір босады. Сондықтан балық аулауда сақтық сақтау қажет екендігін ұмытпаған жөн!

Әсіресе жасөспірім балалар балық аулауға үлкендермен бірге ғана баруға болатынын естен шығармау керек! Онда да балалар назардан тыс қалмауы тиіс. Демалып қайтамыз деп қайғылы жағдайға душар болып қалмайық, ағайын!Ауданымыздың аумағындағы су айдындарының барлығында «Мұз өте жұқа, абайлаңыз!» деген ескерту белгілері орнатылған. Бірақ, өкінішке орай,  кейбір адамдар мұндай маңызды ескерту белгілеріне назар аудармайды.

 

 №5 жедел құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы    С.Б.Джанкулов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы