Моншадағы өрт қауіпсіздік: әр адам нені білуі керек?!

Жарияланған уақыты: 12.04.2018


2018 жылда тұрғын үй секторында моншада 3 өрт оқиғасы болды. Осыған байланысты Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі моншадағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді.

Өзінді моншадағы өрттен сақтау үшін, жанудың неден болуы мүмкін екенін қарастырып көрейік. Моншаны құрастыру кезінде от ұшқыны тие алатын орындарға аса назар аудару керек. Жағу қазаны алдында темірден жасалған парақшаны еденге қояды. Ол пештен еденге құлайтын кішігірім ұшқындардан қорғайды.

Сонымен қатар темір мұржаның температурасын жете бағалаған жөн. Сүрек 300 градусқа дейін қызғанда жанады, бірақ егер ол ұзақ уақыт бойы 100 градусқа дейін қызған заттармен жанасып тұрғандағы өздігінен жану қасиеті бар. Сондықтан шатыр асты бөлмелер бос болуы қажет. Бөренелер, ағаш жабындар – барлығы түтіндік мұржасынан қашықтықта болуы керек. Өрт профилактикасының негізгі талаптары – ағаш, тез жанғыш заттар пеш пен түтіндіктен алыс қашықтықта орналасуы тиіс.

Пештің түтіндігі - күйенің мол жиналу орны болып табылады. Сондықтан өрт оның жануы себебінен туындауы мүмкін. Осыған байланысты түтіндікті мерзімімен тазарту қажет. Өрттің туындау қауіпі пештегі жарықтардың болуымен де байланысты. Олар пеш құрылысының өзінде, түтіндікте де пайда болуы мүмкін. Демек, пешті үнемі тексеріп, жөндеу және сылау керек.
Сонымен қатар моншалардың жану жиі болатын себебі – отты абайсыз қолдану болады. Зиянды әдеттер сияқты немқұрайлылық та бақытсыздыққа әкеледі.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы