Өміріңізді сақтайтын қажетті білімдер

Жарияланған: 14.03.2018


Жыл сайын, жылу беру маусымының басталуымен жеке тұрғын үйлер мен пәтерлердегі тұрмыстық өрттер саны көбейіп келеді, олардың себептері көбінесе жылыту жүйелері мен қондырғыларын, жылыту пештерін пайдалану кезінде, электр желілерін шамадан тыс жүктеу арқылы өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзушылық болып табылады, сондай-ақ кәдімгі салғырттық. Қосымша тұрмыстық электр аспаптарын жиі қолданған кезде электр желісіне үлкен жүктеме болады, бұл сымдардың жалғанған орындарында қысқа тұйықталуға себеп болуы мүмкін.

Баянаул ауданының аумағында 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымында адамдардың өліміне және жарақаттануына жол бермеу – азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінің негізгі міндеті. Бұл міндетті орындау үшін 2017 жылдың 15 қазанынан бастап Төтенше жағдайлар бөлімі мен Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Баянаул жастары» еріктілері тобымен және Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен бірлесіп 12334 азаматты қамти отырып 5332 үйлермен пәтерлерді аралап, «Тұрғын үйлердегі пештерді орналастырудағы қауіпсіздік», «Улы газ», «Қыстағы қауіпсіздік шаралары», «Қауіпсіз Жаңа жыл», «Пиротехникалық өнімдерді пайдалану ережелері» және «Дауылдық ескерту кезіндегі халықтың іс-қимылдары».

«Балалар отпен ойнауы» тақырыбындағы жаднамалар таратылды. Халықты өрттен қорғау шараларына үйрету үшін 915 адам қатысқан 14 кездесу мен жиналыстарға қатысты, оқу орындарында 39 адамды қамти отырып 2 ашық сабақ өткізілді, ұйымдардың 65 қызметкеріне 8 нұсқау берілді, ұйымдардың 281 қызметкері үшін 13 дәріс және әңгімелесу өткізілді. Баянауыл ауданының тұрғындарын қамтуды барынша арттыру мақсатында өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша ақпараттандыру және оқыту үшін 33 әлеуметтік бейнеролик көрсетілді. Интернет-ресурстарда профилактикалық сипаттағы ақпараттар орналастырылды. Өрт жағдайында дұрыс әрекет етуді үйрену сондай-ақ қауіпсіздік мәдениетін тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі болып табылады, сондықтан ТЖ бөлімнің қызметкерлері 82 адамның қатысуымен 3 тәжірибелік тренинг өткізді.

Барлық осы іс-шаралардың мақсаты – тұрғындарды қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерімен және талаптарымен таныстыру, оларды білу тек өз өмірін ғана емес, өзгенің де өмірін де сақтауға септігін тигізуі мүмкін. Мұндай жағдайларда білім мен дағдылар, сондай-ақ тиісті әрекет ету дағдылары әрқашан да пайдалы болады.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы