Өмір қауіпсіздігі басты назарда!

Жарияланған уақыты: 15.11.2018


Әр жылдың мезгілі өзгеріп қана қоймай, сонымен бірге біздің өмірімізге қауіпті құбылыстарды да өзімен  бірге ала келеді. Қыс мезгілі басталғанымен, аязды күндер ұзаққа созылмады. Айдың соңына дейінгі ауа райы болжамы бойынша бұл күндері қатты суық болмайтын сияқты.

Олай болса, аудан территориясындағы су айдындарындағы қалыптасып жатқан мұз жамылғысы әлі де болса тұрақты да,  қалың да емес. Балық аулайтын әуесқойлар әсіресе желсіз күндері көлге көп барады. Ауа райы тымық болған демалыс күндері бала-шаға да көлдегі мұзды қызықтап шана теуіп ойнайды. Әрине, оларға ешкім тыйым сала алмайды. Бірақ, өмір қауіпсіздігі  туралы еске салып отыруды ұмытпайық!

Мүмкін болса, үлкендер балалармен бірге, жанында болғаны дұрыс. Мұз үстіне шығарда, оның қатты, берік екеніне көз жеткізу қажет! Жалғыз мұзға бару өте қауіпті!

Тәуліктің кешкі, қараңғы мезгілінде мұзға бару тіпті қауіпті! Өмірдің қандай қызығы болмасын, біздің өмірімізге қауіп төндірмеуі тиіс! Абай болайық, аман болайық!

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы    С.Б.Джанкулов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы