Мектептегі кездесу

Жарияланған уақыты: 26.11.2018


С.Торайғыров атындағы жалпы білім беру мектебіне аудан орталығынан өмір қауіпсіздігі жайлы әңгімелесуге келген мамандарды оқушылар мен мектеп ұжымы жылы қарсы алды. Күз, қыс айларында ауа райы нольден төмендегенде бәріміз қатты отынмен жанатын пешті үй жылытуға қолданамыз.

Ауылдағы көл көзтартар сұлулығымен жазда ғана емес, мұз қатқанда да шақырып тұрады. Айналадағы  қайың- қарағайлы орман да жыл мезгілінің қайсысында болсын, қызықтырмай қоймайды.

Осындай байлықтың арасында отырған оқушыларға пеш жаққанда, көлде ойнағанда, орманға барғанда болуы мүмкін төтенше жағдайлар жайлы айтып, олардың алдын алу жолдарын түсіндіріген №5 жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы С.Б.Джанкулов, құтқарушы К.А.Евченко, учаскелік инспектор Е.М.Мухамбек, ұлттық табиғи парктің маманы С.Ж.Шугаиповтар әрқайсысы өз қызметтік құзыры аясында сөйлеп, тақырыптық слайдтар көрсету арқылы кездесуге келгендерді белсенді әңгімеге қатыстырды.

Таулы-орманды табиғаты сұлу аймақта сілеусін сияқты жыртқыш аңдардың кездесу мүмкінді жайлы әңгіме болғанда, балаларды қорқыту емес, өмір қауіпсіздігін естен шығармау мақсат қойылды.

Келмей қалған малды іздегенде, кетіп бара жатқан бағытын міндетті түрде үйдегілерге хабарлау, жалғыз бармау сияқты қарапайым ескертулер  кейде адам өмірін сақтап қалуы әбден мүмкін. Ал, төтенше жағдайға душар болған жағдайда, адамға ең алғашқы көмекті қалай көрсету керектігі де сөз болды.

 

№5 жедел құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы    С.Б.Джанкулов.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы