Введите ваш запрос для начала поиска.

«Мектепке жол»

Жарияланған уақыты: 16.08.2018


Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясына қосылды.

Акцияның басты мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.

Бірнеше жыл бойы тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата - аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетілуде. Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға салмақ түсіретіні анық. Ал, отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық баласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер бар. Оларға да көп болып көмек көрсету игілікті іс.

Осы акция аясында Баянауыл ауданыныңТөтенше жағдайлар және 28,29 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері белсенді ат салысып, тұрмыс жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан 6 оқушыға мектепке қажетті кеңсе заттарымен, мектеп формасымен және басқа керек заттармен қамтамасыз етті.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы