Күзгі-қысқы кезеңде адамдардың судағы қауіпсіздік қағидалары

Жарияланған уақыты: 29.10.2018


Күзгі мұз қарашадан бастап желтоқсанға дейін, яғни тұрақты аяздар басталғанға дейін әлсіз болып келеді. Кешкі немесе түнгі суықпен қатайған ол кішкене ауырлықты көтеруге қабілетті, бірақ, жеткілікті қалыңдықты сақтаса да еріген жылғы сумен тез еріп, кеуекті және өте әлсіз болады.

Әдетте, су қоймалары біркелкі қатпайды: алдымен жағалау, таяз сулар, желден ық шығанақтарда, содан кейін ортасында қатады.

Ағыны мұз қатуды қиындататын өзендерге қарағанда көлдерде, тоғандарда (бірде-бір су арнасы құймайтын, су асты бұлақтары жоқ суы терең барлық ағынсыз су айдындарында) мұз ертерек пайда болады.

Мұз астына түскендерге көмек көрсету:

Өзін-өзі құтқару:

- үрейге бой бермеңіз;

- тырбаңдамай, жұқа мұзға бар денеңізбен күш түсірмеңіз, дененің ауырлығынан мұз сынып кетеді;

- қолыңызды екi жаққа созып, мұзға кеудемен немесе арқамен аяқты созып жатуға тырысыңыз;

- мұзға шынтақпен таянып денені көлденең күйге келтіріңіз, мұз жақын аяғыңызы мұз үстiне алдымен салып, содан кейiн бар денеңізді бұра отырып екiншi аяқты салыңызда жылдам мұз үстіне домалаңыз;

- құлаған жерден алысқа қарай кетуге тырысыңыз, келген жағыңызға;

- суда болғанда басыңызды судан жоғары ұстауға тырысыңыз. Ағзаның 50% жылу жоғалтуы, тіпті кейбір мәліметтерге қарағанда 75% оның үлесіне тиесілі.

Суға кеткенде алғашқы көмек:

- зардап шеккенді қауіпсіз жерге апарып, жылыту;

- суға кеткенді бетін төмен қаратып, басын жамбасынан төмен түсіріңіз;

- ауызын өңезден тазартыңыз. Құсу және жөтел рефлекстері пайда болған кезде тыныс жолдарынан және асқазаннан суды толық шығуына қол жеткізіңіз (ұйқы күретамырының соғысы болмаған жағдайда өкпе мен асқазаннан суды шығаруға уақытты жоғалтпау);

- ұйқы күретамырының соғысы болмаған жағдайда жүрекке сыртқы массаж және жасанды тыныс алдыру жасаңыз;

- зардап шегушіні медицина мекемесіне жеткізіңіз.

Зардап шегушіні жылыту:

1. Зардап шегушіні желден қорғалған жерде жылыту, қолда бар киіммен, көрпемен жақсылап орау керек.

2. Ыстық шай, кофе беру. Ыстық сумен толтырылған жылытқыштар, бөтелкелер, құтылар немесе отқа қыздырылып, матаға оралған тастар өте тиімді, оларды кеудеге, басқа, шапқа, қолтыққа қояды.

3. Алкогольмен денені ысқылауға, ішкізуге болмайды, мұнымен ағзаға зиян тигізу мүмкін. Мәселен, ысқылау кезінде перифериялық тамырлардан салқындатылған қан дененің «өзегіне» түсіп, температураның одан әрі төмендеуіне әкеледі. Алкоголь орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізетін болады.

Адамдардың суық суда қайтыс болуының негізгі себептері:

Дененің тоңазуынан, өйткені ағзадан бөлінетін жылу жылужоғалтудың орнын толтыра алмайды.

Суық суда тоңазудан бұрын өлім туындауы мүмкін, себебі суға кіргенде кейде алғашқы 5-15 мин ішінде туындайтын «суықтық шок» болуы мүмкін.

Терінің суық рецепторларының массивті қозуынан тыныс алу қызметінің бұзылуы.

 

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы