Күзгі балық аулау қауіпсіздігі жайлы

Жарияланған уақыты: 15.10.2018


Балық аулау демалыстың жақсы бір түріне жатады. Көп уақыт  пен қаражат талап еткенімен табиғат «сыйлайтын» көтеріңкі позитивті көңіл-күй, осы шығындардың «орнын толтырады».    Дегенмен, өмірдің барлық өзге құбылыстары сияқты балық аулау кезінде де адамның мертігуі, ал кей кезде қаза болуы да орын алады. Бұның себептерінің бірі - күзгі ауа райының құбылмалығы. Кейінгі күндері түн аязды болып, қар аралас жаңбыр жауып тұр. Күннің көзі біраз уақытқа шыға қалса, батпақ езіліп, аяқ асты тұрақсыз және тайғақ болып кетеді. Қалың киімдегі адамтік жардан тайғанап, суғажығылып, батып кетуі әбден мүмкін. 

         Адам өміріне қайықтан балық аулаудың да қауіптері бар. Желді күндері, балықшалар арасында жиі қолданыста болатын резенке қайықтарсу айдынында тұрақсыз болып,  тез аударылып кетеді. Павлодар облысы аумағында мұндай оқиғалар 2016 жылғы қыркүйек және 2017 жылғы сәуір айларында орын алған. Қайықтары аударылып қалған ер азаматтар жел кесірінен судың құрбаны болды.   

         Балықты қайықтан аулау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шараларға назар аудару қажет қажет. Қайықтың жарамдығын тексеріп, оны құтқару желеткелерімен жабдықтау керек. Су айдынына  шықпас бұрын, қайықты мұқият қарап алып: қайықта су құйылатын жарықтарының, тесіктерінің болмауын  және ескектері бүтін, жарамды екенін тексеріп алу қажет. Балық аулау құралдарын  қайық ұыздығы бойымен жинақтап, өзге заттарды (киімді, жол қапты) қайықтың артқы немесе алдыңғы жағына, орындық астына салу қажет. Қайықта міндетті түрде құтқару желеткесімен суды төгетін шелек болу керек.  Судағы өмір  қауіпсіздігін  тек дұрыс жабдықталған,  жарамды қайық қана қамтамасыз етеді. Су өтетін, ескі қайықта балық аулау өмірге қауіпті.

         Балық аулау сәтті болу үшін балықшылар барлық жағдай жасайды. Дегенмен де, өкінішке орай, айтарлықтай қаражат талап етпейтін, өз өмірін сақтап қалатын, құтқару желеткесін сатып алып, қайыққа отырада  киюді қажет санамайды.    

 

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті

жедел-құтқару жасағы

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы