КТИ үгіт насихат жалғасуда

Жарияланған уақыты: 16.01.2019


Өрт сөндіруші және құтқарушы ол аса құрметті мамандық.  Бұл - өмір жолы, жанқиярлыққа, түрлі ерліктерге дайын болу. Өрт сөндірушісі мамандығын меңгеру батыл, күшті, жауапты, күшті сипатқа ие, жылдам әрекет етуі бар адамдарға ұсынылады.            

Орта мектеп түлектеріне, колледж түлектеріне мамандық таңдаудың дұрыс жолын  азаматтық қорғаныс қызметкерлері көмектесуде. Оқушыларға Көкшетау техникалық институтына түсу үшін қандай критерийлер мен талаптар  қойылатынын түсіндірді.             

Кәсіби бағдарлау жұмысын өткізу кезінде, Көкшетау техникалық институтының мемлекетіміздің басқа жоғары оқу орындарының қатарындағы ерекшеліктері айтылды, олар: тегін оқыту, тегін тамақтандыру, қысқы және жазғы киім-кешекпен қамтамасыз ету, сонымен қатар Ресей ТЖМ және Беларусь Республикасы шет елдерінің үздік профильдік оқу орындарында оқытылу мүмкіндігі; оқу орнын бітіргеннен кейін түлектерге «лейтенант» арнаулы атағы берілетіні туралы айтылды. Барлық түлектер оқу орнын бітіргеннен кейін Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерінде жұмыспен қамтылады.            

Үгіт насихат жұмыстары кезінде оқушыларға бейнематериалдары,  буклеттер таратылды. Жоғары сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды. Үгіт насихат жұмыстары кезінде 3 мектеп, 1 колледж қамтылып, 109 оқушы қатысты.            

Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

 

О.Т. Түсіпов

Баянауыл ауданының

ТЖБ бастығы

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы