Крещение шомылу кезіндегі қауіпсіздік !

Жарияланған: 10.01.2018


2018 жылғы 18-19 қаңтарында православиеліктер Шоқыну мейрамын тойлайды. Ежелгі ырымға сай, осы күні барлық су қасиетті болып, әр түрлі ауруларды сауықтырады. Шоқыну кезінде дәстүрлі түрде көптеген адамдар ойықтарда шомылады.

Қайғылы жағдайларды алдын алу мақсатында Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Шоқыну шомылу өткізу мерзімінде су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады:

- ең алдымен, өзіңіздің мұршаңызды және деңсаулығыңыздың күйін баға қойыңыз;

- құтқару қызметінің және мед.қызметкерлер өкілдерінсіз, жабдықталмаған орындарда шомылуға тыйым салынады;

- үлкендердің қарауыңсыз балалардың шомылуына тыйым салынады;

- суға кірудің алдында алкоголь ішпеңіздер;

- ойыққа ашқараын күйінде шомылуға болмайды, шомылуға дейін кем дегенде бір сағатта тамақ ішу керек;

- суға түскенде киетін киімнен басқа өзіңізбен орамал және резеңке тәпішкесін алыңыз;

- суға малыну алдында жай ғана жылыну жақсы болар еді, ол үшін бірнеше отырулар және еңкеюлер жасауға болады;

- аяқ-киімнен бастап, төменнен жоғары қарай шешіңіздер;

- аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін ойыққа ыңғайлы, тайғанақ емес және жеңіл шешілетін аяқ киімде жақындау керек;

- ойыққа түсер кезінде сақ болыңыз;

- ойыққа жайлап түсіңіз. Тізеге дейін кіріп, шайыныңыз;

- бас ми тамырларының рефлекстік тарылуын болдырмау үшін, ең жақсысы бұл мойынға дейін сүңгу;

- ойықта бір минуттан аса болмау керек;

- жаңа түсетіндерге 10 секундқа дейін болу ұсынылады;

- егер де сізбен бала болса, онда оның ойыққа түсуін бақылаңыз;

- шомылғаннан кейін орамалмен сүртініп, тез арада киініп алыңыз;

- жылы ғимаратқа кіріп, ыстық шай ішіп алыңыз;

- қыста шомылу бүйрек, жүрек-тамыр ауралары бар, жоғары артериялық қысымы бар адамдарға, қант диабетімен ауыратын адамдарға, жүкті әйелдерге қарсы көрсетілген.

Жағдайыңыз күрт нашарлаған кезде медицина қызметкерлеріне, құтқарушыларға, полиция қызметкерлеріне хабарласыңыз.

 

Орман Тусупов

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы