Күннің батуын тамашалап...

Жарияланған: 28.06.2017


Жазғы күндердің рахатына бөленіп, көл суына қыздырынып, қарағайдың шайырлы ауасын жұтуға Қарағандыдан әжесі, ата-анасы, тәтесі мен үш ағайындылардан тұратын отбасы келеді. «Подберезовик» демалыс үйінен орын алып, рахаттанып уақыттарын өздері ойлағандай жақсы өткізеді. 26 маусым күні кешке күннің батуын тамашалайық, бейнежазбаға және фотосуретке түсірейік деп, тәтесі мен екі ағайынды балалар «Жасыбай» демалыс үйіне қарсы орналасқан таулардың солтүсік-шығыс жағына көтеріледі. Табиғаттың сұлулығын тамашалап, көтеріңкі көңіл-күйге бөленеді. Әжесі ұялы телефонмен звондап, қыдырғандары жеткілікті, енді төмен түсулері қажет екендігін ескертеді. Уақыт шамамен кешкі сағат 22ге тақаған. Ағайынды бірінің аяғы тастарға сүрініп, тайып кетеді де, жартастан төмен қарай құлайды. Баланың әжесі 112 номеріне звондап, болған қайғылы жағдайды хабарлаған соң, аудан орталығынан төтенше жағдайлар және  ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері оқиға жеріне келеді.  2005 жылы туған Гетманцев Вадим осылайша ажалын жартастарда тапты. Бір отбасының қайғысы қалғандарымызға сабақ болуы тиіс. Тауда, суда, орманда болсын өмір қауіпсіздігі мен сақтық жайлы ұмытпайық! Ең қымбатты адамның өмірі екенін есте сақтайық!

 

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы   С.Б.Джанкулов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы