Көліктегі өрт қауіпсіздігі

Көліктің кез-келген түрінде өрт күтпеген жерден туындауы мүмкін және қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Өрттің жиі себептері қандай? Көлік құралын міндетті техникалық тексеру процесінде автомобильдің жай-күйі бақыланады, бірақ электр жабдығы мен отын жүйесін тексеру жүзеге асырылмайды.

2019 жылдың 10 айында облыс аумағында көліктегі 51 өрт тіркелді. Өрттердің негізгі себептері болып:

- электр сымдарының, қозғалтқыштың электр агрегаттарының қысқа тұйықталуы - жалпы санынан 70 %;

- отты абайсыз қолдану (қозғалтқышты дәнекерлеу лампасымен жылыту, темекі шегу, қозғалтқыш бөлігін кілемшемен жылыту және т. б.) - 12 %;

- отын құбырының үзілуі немесе ақаулығы – 3,5%.

Пайдаланылған газдармен улану жағдайлары жиі кездеседі. Көбінесе бұл автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамаудан болады.

Не туралы есте сақтау қажет:

- әрбір көлік құралы 2 литрден кем емес көлемде жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс;

- қозғалтқышты және автомобильдің басқа да агрегаттарын ашық отпен, қолдан жасалған жылыту құралдарымен, соның ішінде ашық жылыту элементтерімен жылытуға тыйым салынады; электр сақтағыштардың жарамдылығын, электр сымдарының бүтіндігін үнемі тексеру қажет;

- барлық сақтандырғыштар стандарттарға және номиналды токқа сәйкес болуы тиіс;

- электр сымында жалаңаш орын болмауы тиіс, ал оның жалғанатын орны ұшқын пайда болу және қыздыру мүмкіндігін болдырмауы тиіс;

- отын беру жүйесінің бүтіндігін тексеру (отынның ағуы немесе газдың шығуы бар ма). Ағулар анықталған кезде шұғыл түрде оларды жою шараларын қабылдау;

- автокөлік құралына жөндеу жүргізу кезінде темекі шегуге және ашық отты (сіріңке, алау, тұтандырғыш) пайдалануға жол бермеу;

- шығарылған түтіктері мен сөндіргіштері алынған немесе ақаулы көлік құралын пайдалануға жол берілмейді;

- тез тұтанатын элементтер (қағаз, сүрткіш шүберек, жанар-жағармай материалдары және т. б.) түспеуі үшін шығару коллекторын қадағалау қажет.

Егер автомобиль қозғалыс кезінде жанған жағдайда:

- көлік құралын дереу тоқтату және қозғалтқышты сөндіру;

- өртке қарсы қызметті 101 немесе 112 нөмірі бойынша шақыру;

- клемманы аккумулятордае алып тастау (газдандырылған жағдайда – магистральдық және баллонды вентильдерді жабу);

- жолаушыларды эвакуациялауға шаралар қабылдау және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге кірісу қажет.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы