Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу шарттары

Жарияланған уақыты: 07.02.2019


Институтқа күндізгі оқу түріне 25 жастан аспаған, оқу жылының басталу кезіне 16 жасқа толған, жалпы орта, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби), орта кәсіби (ортадан кейінгі) білімі бар, денсаулығы әскери қызметке және оқуға жарамды, оқуға түсу емтихандарын табысты тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Институтқа қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленген технологиялар бойынша өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ) нәтижелері бойынша берілген балдары көрсетілген сертификатқа сәйкес жүзеге асырылады.

Азаматтарды институтқа күндізгі оқу түріне қабылдау төрт кезеңде өтеді:

бірінші кезеңде Институттың мемлекеттік қабылдау комиссиясы ҰБТ немесе ТКТ (қазақ немесе орыс тілдері, Қазақстан тарихы, математика және төртінші пән - физика, бейінді пән – математика)сертификатындағы балдарға сәйкес іріктеуді өткізіп, оқуға үміткерлерді қалыптастырады;

екінші кезеңде медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу өтеді;

үшінші кезеңде дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу жүргізіледі (салмада тартылу, 100 метрге жүгіру, 3000 метрге кросс);

төртінші кезеңде - мандаттық комиссия курсанттар қатарына қабылдайды.

Мандаттық комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Институтқа азаматтарды іріктеуді облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері, құтқару құралымдарының бөлімшелері күндізгі оқу факультетін жинақтау бойынша бөлу парағына сәйкес өткізеді. Үміткерлердің жеке және оқу істерін ресімдеу көрсетілген бөлімшелердің кадр аппараттарына жүктеледі.

Түсу емтихандарын тапсыру кезінде күндізгі оқу түріне үміткерлер казармалық жағдайда болады, Институттағы күн тәртібін және жарғы талаптарын сақтайды.

Күндізгі оқу түріне қабылданған тұлғалар әскери есептен алынып, өртке қарсы қызмет органдарының арнайы есебіне қойылады.

Курсанттарды оқыту, киім-кешек үлесі және тамақтануы республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Одан басқа стипендия төленеді: 1-2 курс 4601,22 теңге, 3-4 курс 7963,65 теңге.

Институтқа қабылданған курсанттармен келісімшарт жасалады, оның маңызды тармақтарының бірі себепсіз Институттан шығарылған кезде тыңдаушыны ұстауға жұмсалған барлық шығыстарды: стипендия, тамақтану және киім-кешек үлесін тыңдаушы мемлекетке қайтару керек.

Институтты бітірген соң түлектермен бес жылға келісімшарт жасалады, оның тармақтарының бірі көрсетілген мерзімге дейін қызметкердің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарынан жұмыстан шыққан жағдайда оның Институтта оқыған мерзімінде мемлекет жұмсаған шығыстар төленуі керек.

Институтта күндізгі оқу түрі бойынша оқудың толық курсын, нақты 4 жылды бітірген тұлғалар үшін оқу мерзімі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңеледі. Бірінші, екінші және үшінші курс курсанттары казармалық жағдайда болады, төртінші курс еркін тұрады.

 

Баянауыл ауданының ТЖ бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы