Баянауыл ауданының Төтенше жағдай бөлімінің ұйымдастырумен Ш.Айманов атындағы мектеп интернатының акт
залында Көкшетау техникалық институтына 2017-2018 оқу жылдарына үміткерлерге 8г3т насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге Баянауыл ауылының орталығында орналасқан үш мектептің 10-11 сынып оқушыларынан 106 балалар және 13 мұғалімдер қатысты.
Сондай-ақ кездесуге арнайы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Асемгүл Кабылбариқызы Насырова қатысты.
Кездесуге келген оқушыларға Көкшетау техникалық институтытуралы бейне ролик көрсетілді. Сондай-ақ А.К.Насырова Көкшетау техникалық институтына түсуге үміткерлерге қойылатын талаптарды және институтқа қабылдау 4 кезеңнен тұратыны айтып өтті.
- - бірінші кезең тестілеу балдарымен сәйкестікте реттеу өткізеді. (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика және физика, кәсіби пән-физика)
- - екінші кезеңде медициналық және психодициологиялық көрсеткіштер реттеу өткізіледі.
- - үшінші кезеңде физикалық көрсеткіштер бойынша реттеу өткізіледі.(салмада тартылу, 100 метрге жүгіру,кросс 3000метр)
- - төртінші кезеңде мандаттық комиссия курсанттар санына енгізіледі.
Сондай-ақ кездесу барысында оқушылардан көптеген сұрақтар қойылып, А.К.Насырова барлық сұрақтарға
жауабын берді.
Кездесу соңында Ш.Айманов атындағы мектеп-интернат директоры Салтанат Сейтжанқызы Досмағанбетова Павлодар облысы ТЖД Кадр бөлімінің бастығы А.К.Насыроваға алғысын білдіріп,оқушыларға мамандық таңдауын маңыздылығын атын көрсетті.
Ш.Айманов атындағы мектеп интернаты