Көкшетау техникалық институты – сенімді болашаққа нық қадам

Жарияланған: 26.09.2016


Жас жігіттердің басым бөлігін әскери қызмет қызықтыратыны белгілі. Олардың қатарында «өрт сөндіруші – құтқарушы» мамандығына қызығушылық танытып жатқандар аз емес. Бұл мамандық ең игілікті деп бекер айтылмаған, себебі өрт сөндіру, адамдарды құтқару нағыз ерлік. Қиын әрі аса қауіпті жұмыс болғанымен, көптеген ер-азаматтар осы мамандықты таңдауда.

  Ішкі істер министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты  – еліміздегі құтқарушыларды дайындайтын жалғыз оқу орны болып табылады. Көкшетау техникалық институты «Өрт қауіпсіздігі»,  мамандығы бойынша сырттай және іштей оқу түрінен өрт қауіпсіздік баклавр біліктілігі берілу арқылы жоғары кәсіпті мамандар даярлайды.  Көкшетау техникалық институты қабылдау және іріктеу Ережесіне сәйкес институттың іштей бөліміне Қазақстан Республикасының 25 жасқа дейінгі және оқу жылының басына дейін 17 жасқа толған, орта және жалпы білімі бар, әсери қызметке денсаулығы жарамды, оқуға түсерде емтиханды (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, физика және матиматика пәндерінен) жетістікпен тапсырған және сайыстан мүдірмей өткен азамматтар қабылданады.

Институтта іштей оқу мерзімі 4 жыл. Бұл шұғыл әскери қызметке теңеледі. КТИ курсантары Республикалық, облыстық және қалалық спорттық, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.

Іштей оқуға түскен азаматтар казарма тәртібі бойынша мемлекет есебінен тамақтанумен, шәкіртақымен қамтамасыз етіліп, жақсы жабдықталған жатаханада тұрады. Оқуды тәмамдаған соң, түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріліп, арнайы «Өртке қарсы қызмет» лейтенанты атағы беріледі. Түлектер ары қарай Төтенше жағдайлар органдарында қызметін жалғастыру үшін жолдама алады.

Құрметті талапкерлер, еліміздің болашағы жастардың қолында! Дұрыс таңдау жасаңыздар!

Барлық сұрақтар бойынша: Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөліміне жолығуға болады. Баянауыл ауылы, Бектұров көшесі 27А. Тел. 9-22-85

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы