Әкімшілік ғимараттарының өрт қауіпсіздік талаптары

Жарияланған: 12.08.2016


Берілген санат объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі бойынша нормативтік құжаттармен адамдардың қауіпсізідігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптар қатаң қарастырылған, сонымен қатар берілген объектілеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндетті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі де жоғары.

 Жаппай адамдар болатын әрбір объектінің негізгі мақсаты адамдардың қауіпсіздігі және өрт кезінде мүліктің қорғанысын,  өрттің алдын алу болып табылатын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі болуы керек. Алғашқы өрт сөндіру, өртке қарсы қызметтін шақырту үшін байланыс құралдарымен және автоматтандырылған өрт дабылы жүйесімен жабдықталған, өрт  сөндіру және адамдарды хабарландыру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Ерекше назар эвакуация жолдарына бөлінуі керек. Декоративті өндеу, қаптау материалдарын және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін еден қаптауын қолдануға болмайды, сауда құрылғылары  эвакуациялық шыға беріс жолына қатардан екі метрден кем емес қашықтықта орналасуы керек.

Өртке қарсы су өткізу жүйесі, яғни өрт гидранттары мен өрт крандары үнемі жұмыс қалпында тұруы керек, жылына екі рет (көктемде, күзде) су жіберуге және жұмыс істеуіне тексерілуі тиіс. Монтаж, баптау, электр құрылғыларын және электр жүйелерін пайдалану, сонымен қатар олардың техникалық жағдайына бақылау орнату электр құрылғыларын орнату ережелерімен және тұтынушылардың электр құрылғыларын техникалық пайдалану ережелерімен сәйкес жүзеге асады. 

Өкінішке орай, мекеме басшыларының барлығы бірдей өрт қауіпсіздігіне тиісті көңіл бөле бермейді. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кез келген объектіде өрт қауіпсіздігіне жауапкершілік басшыға жүктелетінін естеріңізге саламыз.

Бұл тақырыпта көп айтуға да, жазуға да болады. Бірақ, адамдардың өз қауіпсіздігіне көзқарастарын өзгертпей, жағдайды өзгерту мүмкін емес.

 

 

Баянауыл ауданының ТЖБ

азаматтық қорғау капитаны И.Рахманов

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы