«ХАЛЫҚТЫҢ АВТОЖОЛДАРДАҒЫ ҚАР ҚҰРСАУЫ КЕЗІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛДАР ҰСЫНЫМДАРЫ» (құтқарушылар ұсынымдары)

Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шықпастан бұрын алдағы қозғалыс бағдары бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн.

Егер қатты боран, бұрқасын болса онда жолда ұзақ тұрып қалуыңыз, жол-көлік оқиғасына тап болуыңыз мүмкін.

Егер қандай да бір елді мекенге бару керек болған жағдайда уақытында және қажет елді мекенге жете алатындай теміржол көлігімен барған дұрыс.

Төменде келтірілген қарапайым ұсынымдарды орындасаңыз боран болған кезде және бораннан кейін аман қалуға көп көмегін тигізеді.

Қыста жолға шығар алдында:

1. Мұқият ауа райы болжамын зерделеңіз;

2. Қозғалыс үшін қандай жолдар жабылуы мүмкін екенін анықтаңыз. Ақпаратты «Қазавтожол» ҰК сайтында толығымен жабық учаскелердің картасымен көруге болады, не бірыңғай телефон нөмірі 1403 немесе құтқару қызметінің «112» телефон нөмірі, сондай-ақ «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы нақтылауға болады.

3. «112» қызметінен ресми дауылды ескерту алған жағдайда елді мекендерден және жолға шығудан бас тарта тұру қажет.

3. Жолға шығуға алдын ала дайындалған жөн:

- машинаны шұғыл жағдайларда қажет болатын қосымша өте керек жүкпен жасақтау:

- отын запасына арналғанканистр (кемінде 20 л)және құюға арналған құйғысымен бірге;

- тент немесе автомобильге арналған кемінде 4*3м тыс өлшеміндегі (мүмкін болса ашық түсті болғаны жақсы, бұл автомобильді қашықтықтан көруге жақс болады. Оның көмегімен автомобильді қардан бүркемелеп, өзіңізге жанында кішкене кеңістік жасауға болады);

- қарапайым құрал-сайман(күрек міндетті түрде, балта мен пышақ);

- сүйрейтін арқан;

- шәй құйған термоспен азық-түлік қоры(дайындауды қажет етпейтін –консервіленген ет қалбырдағы, жартылай ысталған шұжық,10-15 литр су, пакеттегі шәй, қант, печенье және т.б.);

- сіріңке, балауыз шам кемінде 4 дана, құрғақ жанғыш (құрғақ спирт) жанғышымен;

- газ жанғышы мен дәнеркерлеу лампасы;

- газ плитасы мен шәйнек;

- қолшам мен оның батарейкасының запасы;

- пышақ;

- GPS-навигатор (смартфон болмағанда қолдануға болады);

- жылы киімнің запас жиынтығы;

- ұйықтайтын қап немесе жүн көрпе, плед(әрбір жолаушыға);

- картон қағаздары, құм немесе қиыршық тасқап, сырғанауға қарсы шынжыр(әдетте тәжіриюелі жүргізушілер қамданады).

Машинаның міндетті түрде запас доңғалағы, домкрат, баланға арналған кілт, жөндеу жиынтығы, сорғы, аккумулятор қуаттайтын кәбіл, авариялық тоқтайтын белгі, өртсөндіргіш пен дәрі қобдишасы болуы тиіс.

Осындай құрал-сайман жиынтығымен қысылтаяң жағдайларда өте маңызды басқа да жүргізушілерге көмектесе аласыз.

Ең бастысы автомобильтехникалық жарамды жағдайда болуы тиіс.

Егер жолда келе жатқанда боран басталса:

Егер жолға шыққаннан кейін қолайсыз ауа райы болған кезде (боран, бұрқасын және т.б.), көріну нашарлағанда:

1. Алдыңғы және артқы тұманға қарсы шамдарды, сондай-ақ авариялық оттарды қосу керек.

2. Алдында немесе бүйір жағында кедергі болғанда қауіпсіз тоқтау үшін жылдамдықты біртіндеп азайтқан жөн.

3. Егер көпжолақты жол болса оң жақтағы жолаққа шығыңыз, бұл қар тазалайтын техниканың өтуіне мүмкіндік береді. Бұл жерде басып озу маневрлерін жасамай қажет ара қашықтықты сақтаған дұрыс.

4. Соқпақ жолмен жүрген кезде машинаның төменгі берілісінде аздаған айналыс күшімен, жолдан шықпай жүру керек.

5. Егер қарлы оппаға немесе қар үйіндісіне түссеңіз кенет газ бен тежегішті басудан сақ болыңыз, өз екпінімен жүруге тырысыңыз.

5. Бұрқасын, боран кезінде шектеулі көрініс кезіндеелді мекеннен алыс белгісіз жердегі қар астында немесе бастып қалуыңыз мүмкін болғандықтан кез келген автожолда қозғалысты жалғастыру қауіпті.

Мүмкіндігінше автотын құю станциясы, жол бойындағы дәмхана, дөңгелек жөндеу пункті, кемпинг, ұзаққа жүретін машиналар тұрағы, парковка және т.б. болуы мүмкін жақын маңдағы қауіпсіз орынға жетіп алған дұрыс.

Тіке жол бойына тоқтамаған жөн.

6. Егер қозғалу мүмкін болмаған жағдайда және көмексіз шыға алмайтын болсаңыз үрейге берілмей бірден «112», «101», «102» шұғыл қызметтерінің телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Өзіңіз координатаңызды, айналадағы отын қоры және т.б. болып жатқан ақпаратты беріңіз. Көмекке міндетті түрде келеді.

7. Автомобиліңіз қозғалыссыз қалғанша күтпеңіз. Одан да өзіңіз тоқтаңыз. Бұл үшін ең бастысы автомобильді желге қарсы қою мүмкіндігіңіз болады. Бұл жағдайда автомобиль терезесін ашқанда газдан уланам деп қорықпай қозғалтқышты дүркін-дүркін оталдыра аласыз. Есте сақтаңыз: адамды желдеткіш жүйесі арқылы салонға кірген автомобильден шыққан газ сұрапыл аяздан гөрі білдірмей тез өлтіреді.

8. Тоқтап, дұрыс бағыт таңдағаннан кейін машинаны жауып қойыңыз. Егер тент шағын болса, ең болмағанда радиатор торын жабыңыз. Осылай капот астына қардың тығылуын болдырмайсыз. Егер тент үлкен болса машинаны толығымен жабыңыз. Бұл жерде жүргізуші жағындағы шетінен тартып, желге шыдау үшін мықтап бекітесіз.

Осылайша машинаның жанынан кеңістік жасап алып, қосымша жылу оқшаулағыш жасайсыз.Белгілі болғандай салон әйнек арқылы тез суып кетеді.Машинаны жапқанда жылуды ұзағырақ сақтай аласыз.

9. Шақырымдық белгілерге, магистралдағы құрылыстарға, көрсеткіштерге қараңыз, соңғы жол айрығынан қанша уақыт жүргеніңіз бен қандай жылдамдықпен жүргеніңізді есептесеңіз шамамен алғандағы қашықтық шығады. Егер ұялы байланыс жұмыс істейтін аймақта болсаңыз 101 және 112 телефон нөмірі бойыншахабарласып, келе жатқан бағытыңызды айтыңыз.Навигатордың көмегімен координаттарыңызды анықтап, құтқару қызметі мен туыстарыңызға беріңіз.

10. Арасында қар басып қалмас үшін машинаның есігін ашып отырыңыз.

11.Қайта қайта машинадан шығып газ шығатын құбырды бітеп қалмас үшін қарын тазалап тұрыңыз. Әйтпесе шыққан газ сыртқа емес ішке кіріп улану қаупі туындайды.

12.Қозғалтқышты үнемі оталдырып отырмаңыз. Салонда қажетті температура болса жеткілікті. Не надо держать двигатель заведённым всё время. Бұл үшін әр сағат сайын 15-20 минут қозғатқышты оталдырып отыру керек.Бұдан басқа автомобиль салонында температураны ұтап тұруға балауыз шам қолдануға болады.

13. Жылы киініңіз. Ұйықтауға арналған қапта және көрпе жамылып ұйықтаңыз. Бірақ: ешқашан қозғалтқыш оталып тұрғанда ұйықтауға болмайды.

14. Машинаны тастап кетпеңіз. Көмек үшін бір жаққа шығуға болмайды. Одан басқа дәретханаға баратын болғанның өзінде машинаға ұзын жіп байлап шығу қажет. Боран кезінде адам машинадан бір-екі метрге ұзаған кезде бір сәтте бағыттан шатасып үрейленіп, аласұрып қаза тапқан жағдайлар аз емес. Қазақстанның даласында қасқыр да көп.

15.Ара арасында машинаны орнынан қозғауға тырысыңыз. Қар басқан машина жүре алмасада батып қалған доңғалақтары қар мен мұздан босайды. Боран машинаның доңғалағын қатырып тастауы мүмкін, толығымен қардан шығарылған машина да доңғалағы қатқан соң жүре алмайды.

Боран аяқталғаннан кейін әрекеттер:

1. Боран аяқталған соң, құтқарушыларды күтпей машинаны өз бетінше шығаруға кірісіңіз.

2. Бірден автомобильді қазыңыз. Бірінші кезекте машинаны қардың астынан шығарыңыз, содан кейін доңғалақтарын босатуға кірісіңіз. Егер керісінше жасасаңыз машинаңыз әбден батады да шығару одан да қиынға түседі.

3. Ашық түсті тент, машинаңыздың сыртында тұра тұрсын, өйткені ашық түс құтқарушыларға тез көрінеді.

4. Алау жағуға тырысыңыз. Құрғақ шөптерде алау жағуға жарайды.

5. Құтқарушылар күндіз келмесе, онда түнде күтіп отырғанда қолшамқолданыңыз. Іс жүзінде барлық қолшамдардың жарқылдататын режимі бар, соны қосып қойыңыз, назар аудартатындай жарқылдап тұрсын.

Мемлекеттік органдар авттомобильдерді лектік ілесіп жүруге шешім қабылдаған жағдайда:

- жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз;

- ілесіп жүретін мемлекеттік орган белгілеген жылдамдық режимін сақтаңыз;

- өткізу пунктінен шыққан автомобильдің артынан қатаң лекте қозғалу;

- алдында келе жатқан автомобильдің арасындағы қашықтықты сақтаңыз, кез келген шешім қабылдап не тоқтай алатындай;

- алағы автомобильдерді басып озуға болмайды;

- айналаңдағы мән-жайды бақылаңыз.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы