Газ баллондарының жарылысы, себептері мен салдары

Жарияланған уақыты: 24.01.2019


Тұрғын үйлерде газ және газ баллондары қалай жарылады?

Соңғы уақытта газ шығуы себебінен тұрғын үйлердегі жарылыстар туралы жиі естиміз. Газ бар жерде газ жарылысы кез келген уақытта болуы мүмкін. Плита конфоркасы кранының жабылмауы, жабылмаған, жарық немесе тесік газ баллоны, газ ажыратқышы жүйесіндегі саңылау сияқты қарапайым себептерден болады. Ең бастысы – ауада жеткілікті концентрацияда газдың пайда болуына адамдардың (немесе автоматиканың) реакциясының болмауы. Бұл - ең қауіпті себеп екенін ескеріңіз.

Тұрғын үйдегі газ жарылысының алдын алудың бірден-бір жолы - нақты адамдардың тек жеке салғырттығы немесе қаскүнемдігі болып табылады. Яғни, конфорканы немесе газ баллонын жаппау.

Жабық бөлмеде газдың жарылуы – бұл жабық көлемде қысымның күрт және біркелкі көтерілуі. Газ жарылысы аймағына (жарылыс қаупі бар қоспаның тұтануы) түскен адам дем алып үлгерсе, өліп кетуі мүмкін. Ол өкпені жыртып жібереді. Тұрғын үйлердің терезелері мен есіктері, қабырғалары жарылыс салдарынан бұзылады. Ал, кез келген жерде газ иісін сезінсеңіз, ойланбастан қоңырау шалып газ қызметін шақыру керек. Қалай болғанда да, бұл сіздің қолыңыздан келетін нәрсе.

Газ баллонының жарылыс себептері

Негізгі себеп – дұрыс пайдаланбау немесе сақтамау. Вентиль арқылы шыққан газ біртіндеп үй-жайды толтырады. Кездейсоқ ұшқынның салдарынан жарылыс, өрт туындайды. Немесе газ сыйымдылығын көшеден, аяздан үй-жайға әкеледі және жылу көзіне жақын қояды. Температураның күрт өзгеруі себебінен газ кеңейеді, ішкі қысым ыдысты жарып шығады. Жарылу сыйымдылық ішінде және сыртынан пайда болатын көзге көрінбейтін мұжылу мен микрожарықшақ салдарынан да болады. Газы бар сыйымдылықтағы конденсат, кез келген ылғал сияқты, тотығуға әкеледі және қандай да бір сәтте қысым сыртқа шығады.

Өзіңді және үйді қалай қорғау керек

Баллондарды пайдаланатын жерге орнату кезінде

  • Оларды құрылыстың ішінде немесе сыртында орналастыруға болады.
  • Газ баллондарын орнату кезінде көптеген жылу бөлетін тұрмыстық аспаптардан белгіленген қашықтықта ұстау қажет: жылыту батареялары, қазандар, калориферлер, плиталардан – 1 метр, пеш оттықтарынан – 2 метр қашық.

Бұл талаптардың экрандалған резервуарларға қатысы жоқ.

  • Құрылыстан тыс жерлерде газ баллондарға арналған орынды таңдау кезінде олардың күн сәулесінің астында қызуы қаупін болдырмау керек.
  • Қосымша баллондарды жинау тұрғын емес үй-жайларда жүргізіледі, бірақ олар үй-жайларда эвакуациялауға кедергі келтірмей және өзге де тұрмыстық техникаға қызмет көрсетуге (жөндеуге) кедергі келтірмейтіндей етіп жиналады.

Баллондарды пайдалану барысында:

  • Үй-жайдың газдану деңгейін үнемі бақылау керек.

Бөлмедегі газдың иісі - оның концентрациясы шекті рұқсат етілген мөлшерден ¼ деңгейде екенін білдіреді. Газ шығу орнын анықтау үшін барлық қосылған құралымдардың бітеулігін тексерумен айналысамыз.

  • Түтін шығару арнасының жұмысын мерзімді сынау, яғни, тартымын тексеру керек.
  • Газ жабдығы жұмыс істеп тұрған кезде үй-жайдың тиімді желдетілуін қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес пәтерлер мен тұрғын бөлмелерiнің балкондары мен лоджияларында тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, газ баллондарды сақтауға жол берілмейді. Газ өткiзгiштерден, газ баллондардан және қатып қалған құбырларды қыздыру аспаптарынан, инженерлiк коммуникациялардан газдың ағуын байқау үшiн ашық отты пайдалануға жол берiлмейдi. Қатып қалған құбырларды, жабдықты, инженерлiк коммуникацияларды, газ баллондарды қыздыру ыстық сумен, бумен және қызған құммен жүргiзiледi. Аталған Қағидалардың нормаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410 бабына «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу немесе орындамау» сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.

Газбен абай болыңыз! Сіздің ұмытшақтығыңыз, немқұрайлылығыңыз сізге де, жақындарыңызға да, көршілеріңізге де зиян келтіруі мүмкін. Газ құралдарымен, газ баллондарымен жұмыс істеу және оларды пайдалану ережелерін білу ғана сізді жазатайым оқиғалардан сақтайды.

Өрт кезінде «101» және «112» нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз. 

 

Баянауыл ауданының ТЖБ

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы