Ескерту еріккеннің ермегі емес!

Жарияланған: 23.01.2018


Соңғы екі апта бойы ауа райы температурасының  тым төмендеп, аяз қатты болатыны жайлы барлық ақпарат құралдары арқылы хабарлануда. Әсіресе, мектепте сабақ болмайтыны жайлы тәулігіне 2-3 рет қайталап хабарланады.

Ата-аналары таңертең жұмысына кетеді, балалардың ұйқысы қанады, қарны тоқ, іштері пысып, үйге сыймайды. Осындай жағдайда еріккен балалар қыдыруды ойлап, көшеге шығуы әбден мүмкін.

Ойын жастағы балалардың кейбіреуі сырғанақ тебуге де шығуы мүмкін.Жылы үйде отырған балалар даладағы аяздың қатты екенін біле бермейді. Аяқ-қолының, бетінің, құлақтарының үсігенін байқамайды да. Сондықтан, ата-аналар, балаларға үйден алыс шықпауынөз тарапынан қатаң ескертуі қажет. Кейде үлкен азаматтардың өздері де осындай аязды күндері көлікпен ауылдың сыртына жол жүреді.

Қасына үйде іші пысып отырған баласын ертіп алатындары да кездеседі. Мұндай әрекеттер өкінішті жағдайларға әкелуі мүмкін. Жол жүруді осы аптаның соңына дейін шегере тұрыңыздар. Мәселелі жұмыстарыңызды телефонмен хабарласып, шешуді амалдаңыз. Ескерту еріккеннің ермегі емес! Адамның өмір қауіпсіздігі ең алдымен өз қолында. Өміріңізге қауіп төндіретін әрекеттер жасамаңыз!

 

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы

С.Б.Джанкулов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы