Діни бостандықтың бір көрінісі

Жарияланған: 19.01.2018


Осы күндері әлемдік  Православиелік шіркеуі «Крещение Господне» діни мейрамын тойлауда. Біздің ауданымыздың православие дінін ұстанушы тұрғындары да Сабындыкөл суының осы уақытта қасиетті тазалануына байланысты иорданьға түсіп, тазалану рәсімін жасады. Әдеттегідей, христиан ауылдастарымыздың өз рәсімін алаңсыз ұстануына арнайы қызметтер барынша мүмкіндік жасады.

Атап айтсақ, селолық әкімшілік, медициналық жедел жәрдем қызметі, төтенше жағдайлар бөлімі, №28 өрт сөндіру бөлімі, №5 жедел құтқару бөлімшесі, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің әрқайсысы өз құзырындағы іс-әрекеттерге жауап беріп, кезекшілік атқарды. Қуанышқа орай, шомылғандар арасында денсаулығы сыр бергендер болмады.

Діни рәсімге қатысушылардың ең кенжесіЗайцев Самир, 4 сынып оқушысы, өз ата-анасының қатысуымен суға түсті.Суға шомылар алдында Трофимчук Валентина Петровна жиналған қауымдастар алдында дұға оқып, ниет жасады. Жалпы шомылғандар саны 47 адам, оның 3уі балалар.

№5 жедел құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы   С.Джанкулов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы