Дөңгелек үстел

Жарияланған уақыты: 24.12.2018


Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі "Атамекен" ҰКП бірге кафе және дүкен иелерімен жаңа жыл мерекесін өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралар туралы жиын өткізді. Жиынға   Баянауыл ауданының Жергілікті полиция қызметкерлері және  НұрОтан партиясының  аудандық филиалының төрағасы қатысты.

Жиын барысында Баянауыл ауданының ТЖБ бастығы Түсіпов О. жаңа жылды өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы нұсқауды өткізді. Жаңғыш заттар мен  ішімдіктер , темекі бұйымдардың заңсыз сатылуы туралы сұрақтар талқыланды.

Ескере кетсек, 68% өрттер тұрғын секторында шығады, жаңа жыл мекересі күндерінде бүд көрсеткіш 82-85% өседі.
Мұның бәрі сапасыз пиротехниканы қолданудан және оны пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелері  шараларын сақтамаудан туындайды.

Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтау қажеттілігін ұсынады.

 

 

 

 

Р. Толегенов

Баянауыл ауданының ТЖБ

аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы