Дала өрттеріне жол бермеңіздер!

Жарияланған уақыты: 18.04.2018


Дала өрті - адам ырқына көнбейтін, аса қауіпті тілсіз жау. Мұндай өрттің жылдамдығы орман өртінен бірнеше есе куштірек болады.

Өрт жаздын тамызы мен күздің кыркүйек айларында жиілейді. Осы кезде көбінесе күн қатты ысып, құрғақшылық белең алады. Әбден қураған өсімдіктерге шамалы ұшқының өзі жеткілікті. Қас – қағым сәтте ұшқыннан пайда болған жалын егісті шарпып кетеді.

Дала өрттерінің туындауының басты себебі тұрғындардың отты абайсыз пайдалануы, құрғақ шөптерді рұқсатсыз өртеуі болып табылады.

Орман дала алқаптарындағы өрт, көбінесе шаруа қожалықтары мен елді мекендер тұрғындарының орман дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға салғырт қарауының әсерінен туындайды.

Өрттер мен тұтануларға байланысты жағдайларды алдын алу үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 09 қазандағы № 1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережелері, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Орман Кодексінің 21 бабы, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 1 бөлімі 410 бабы қарастырылған, онда ескерту немесе айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған, жеке тұлғаларға бес, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – елу айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады.

ҚР жоғарыда көрсетілген заңдарына сәйкес шаруа қожалықтарының басшылары өздерінің бекітілген жер учаскелеріне жауапты. Қылқан жапырақты ормандарға жақын жерлерде фермалар мен басқа да ауыл шаруашылығы нысандарын орналастыруда, салынымдар мен орман алқаптары арасында көктем-жазғы өрт қаупі кезеңіне қорғаушы өртке қарсы жолақтар жасалуы қажет, бульдозерлер, соқалар және басқа топырақ өңдейтін жабдықтар көмегімен орнатылатын (орындылығы бар жерлерде қорғаушы алқаптарда отқа төзімді өсімдіктердің отырғызуға болады - картоп, люпин, беде).

Орман алқаптарындағы, дала жолақтарына, автокөлік және темір жолдарына жапсарлас жерлерде кем дегенде 4 метрге орылады және жыртылады.

Сондай-ақ, елді мекен тұрғындары орманды дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаулары қажет.

Тұрғындары дала, орман алқаптарында қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз:
- орманда жанған оттықты, темекі тұқылдарын, бықситын шүберектерді тастамаңыз;
- отты қалың тоғайда, қылқан жапырақты тал қасында, төменге иіліп тұратын ағаш астында, ағаш қоймалары, торф, жаңа піскен ауыл шаруашылық дақылдары маңында жақпаңыздар;
- өздігінен тұтанатын материалдарды: майға, бензинге малынған шүберек, жүн, күн сәулесінен отты тудырып, өсімдіктерді күйдіруі мүмкін әйнек ыдыстарды тастамаңыздар;
- қамыстарды өртемеңіздер;
- тұрақтан шығар кезде отты жанулы күйде қалдырмаңыз.

Өрттің бірден бір себебі – техниканың ақаулығы болуы да мүмкін және ірі азықты дайындап, жинақтауда қателіктерге жол бермеңіздер.

Өрттін алдын алу оны сөндіруден әлдеқайда жеңіл екенін есте ұстайық!

Өрт болған жағдайда 101-ге хабарлаңыз. Ұялы байланыстан қоңырау шалу тегін.

                       

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы