Дала өртінде шекара жоқ!

Жарияланған: 28.09.2016


Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен үзбей жүргізіген үгіт-насихат жұмыстарына қарамастан, қазіргі уақытта дала өртті жиілеп тұр.

Бүгінгі күнгіесеп бойынша өрт қауіпті кезең басталғалы Баянауыл ауданы аумағында орын алған дала жанулары саны 21 болды, 2015 жылы 19. Осы жағдай аландаушылық туғызып отыр. Осыған орайға байланысты "тілсіз жаудың" алдын алуға белсеңе әрекет ету қажет. 

Өрттің шығуының негізгі себебі - ең қарапайым ережелердің сақталмауы. Мәселен, жүргізушілер жолда кетіп бара жатып, тартылған шылымдарын сөндірместен лақтыра салады немесе темекіні тұтандырған сіріңкесін толық сөндірместен тастайды. Дала жұмыстарында жүрген техникалардың көбінде ұшқын сөндіргіш (искрагаситель) жоқ. Осыған байланысты, өртті болдырмау үшін өрт қауісіздігі ережесінің келесі талаптарын орындау қажет:

  1. Шөп жинау науқаны кезеңі басталмас бұрын, оған қатыстырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерін алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндардың барлық типтері - екі өрт сөндіргіштермен, екі істік күрекпен және екі сыпырғышпен, тракторлар - бір өрт сөндіргішпен (ОП-10), бір істік күрекпен), дұрыс ұшқын өшіргіштерімен жабдықтау және қоректендіру, оталдыру және майлау жүйелері реттеледі.
  2. Шөп дайындау кезеңде:

1) тракторлардың, қақпақтары жоқ немесе қақпақтары ашық автомобильдер мен өзі жүретін шассилердің жұмыс істеуіне;

2) қозғалтқыштардың радиаторларындағы шаңды күйдіру үшін дәнекерлейтін лампаларды қолдануға;

3) далада түнгі уақытта автомашиналарға жанар-жағар май құюға жол берілмеу қажет.

Айта кететін бір жайт, кейбір адамдар дала өрті кезінде менің жерім жанып жатқан жоқ деп, жайбрақат танытады. Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өртте шекара жоқ екенін ескертеді.

Дала өртінің тұтанбауына әрбір азамат жауапты болуы тиіс. Дала өртін байқаған әрбір адам ол туралы өрт сөндіру мекемелеріне дереу хабарлағаны жөн.

 Өрт сөндіру бөлімнің 101 телефонына барлық ұялы байланыстардан қоңырау шалу тегін.     

 

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы