Введите ваш запрос для начала поиска.

БӨАЖҚЖ: Балық аулаушылармен әңгімелесу жалғасуда

Балық аулау – демалыстың керемет түрі екенін бәрі біледі. Ал балық аулау кезінде сақтық шараларын пайдаланбаса, қауіп төнетінін көбі ескере бермейді.

Күзгі балық аулау кезеңінің басталуына орай, Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерінің бойында балық аулаушылар саны көбейді.

Су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында, 2018 жылғы 1 қазаннан Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторлары балық аулаушылармен кезекті рейд өткізді.

ТЖБ инспекторлары балық аулаушылараға қараңғы мезгілде балық аулауға тыйым салынғанын түсіндіріп айтты.

Көлдер жағалауында спирттік ішімдіктерді қолданған тұлғалар, әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

«Жүзіп білмейтін адамдарға қайықта отырып аулауға тыйым салынған. Күз мезгілінде су өте салқын, егер қайық аударылып, балықшы суға құлайтын болса, су киім төмен тартады. Мұндай жағдайда аман қалу екі талай. Кез келген су айдыны қауіпті. Сондықтан, әр бір балық аулаушы міндетті түрде қауіпсіздік ережелерін сақтап жүрулері тиіс», - деп түсіндірді инспекторлар. Әңгімелесу барысында 106 шақты балық аулаушы қамтылды.

 

 

Павлодар облысы ТЖД

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы