Баянауылдың қонақтары мен тұрғындары!

Жарияланған: 18.07.2017


ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД Судан құтқару қызметі демалыс кезінде төтенше жағдайлардан сақтану жолдарын қайталап естеріңізге салады.

 

Судағы қауіпсіздіқ шаралары:

-суға тек арнайы жабдықталған,тексерілген жерлерде түсіңіздер;

-өздеріңізге таныс емес жерлерде су астына сүңгімеңіз,арнайы белгіленген бүйкалардан асып жүзбеңіз;

-мас күйде суға түспеңіздер;

-балаңызды жүзүге үйретіңіз, су жағасында қараусыз қалдырмаңыздар.

Қатты ағыс алып кетсе:

-босқа шаршап, ағыспен алыспаңыз;

-ағыс бойымен жағаға қарай жүзіңіз:

-алдыңызда ағыстың ақырындағанын көрсеніз, жылдам су астына сүңгіп, жағаға қарай шығыңыз.

Су өсімдігіне байланып қалсаңыз:

-су асты өсімдігінің аяғыңызға байланып қалғанын сезсеңіз, аяғыңызды алып шығамын деп қайта қайта ұрғыламаңыз, одан

сайын байлап алуыңыз мүмкін;

-екі аяғыңызбен бірдей бір сәтте қатты сермеп шығуға тырысыңыз, Егер ондай мүмкіндік болмаса, су асты өсімдіктерінің жиырылып тусуі үшін,аяқтарыңызды бір-біріне үйкелеп босатып алуға тырысыңыз;

-су астына сүңгімеңіз, мойныңыз оралып қалуы мүмкін;

-босатып алғасын, ақырындап жағаға қарай жүзіңіз.

 

Кез келген жағдайда сабырлы боп, дұрыс шешім қабылдаңыз.

Сіздің қауіпсіздігіңізге төмендегі құтқару қызметтерінің көмегі бар.

 

Мына телефондардарды естеріңізге ұстаңыздар және  қиыншылық туса, қоңырау шалыңыздар!

 

                             Екібастұз қалалық ЖҚҚ-112,

                34-93-99-ТЖ кезекшілігі, 101-өрт қызметі,

                           102-полиция, 103-жедел жәрдем

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы