Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша кеңес өтті

Ағымдағы жылғы 16 қаңтарда Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы О. Түсіповтың төрағалығымен 2018 жылдың қорытындысы бойынша кеңес өтті. Оның барысында өткен жылдың өзекті мәселелер талқыланды, ТЖ алдын алу мәселелері көтерілді.

Жиынға ТЖБ, №28, 29 Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы қатысты. Жиын барысында №28, 29 Өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары азаматтық қорғау майоры Ж. Изтулин, азаматтық қорғау майоры Н. Тумайкеновтер 2018 жылғы қызметтің қорытындылары туралы баяндады.

2018 жылы Төтенше жағдайлар бөлімі Азаматтық қорғаныс саласын дамыту үшін және халық пен аймақты табиғи төтенше жағдайлардан қорғау үшін біршама жұмыстар атқарды.

2018 жылы 101 телефонына 111 хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімдерімен 64 ( 2017 ж. – 56) шығулар болды, 1 адам құтқарылды, 4 адам көшірілді. 5 авариялық құтқару жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою іс-қимылына азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру бойынша Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімімен 2019 жылы кешенді іс-шаралар өткізу жоспарланды.

Сондай-ақ, бөлімдердегі әскери – қызметтік және орындаушылық тәртіп бойынша, сұрақ қаралды.

Жиналыс қорытындысы бойынша осы жылға атқарылатын жұмыстар белгіленді.

 

Р. Төлегенов

Баянауыл ауданының

ТЖБ аға инженері

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы