Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Президент мақаласын талқыланды

Жарияланған уақыты: 06.11.2018


Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар және №28 Өрт сөндіру  бөлімідерінің жеке құрамы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау мақсатында Павлодар облысының құрметті азаматы Шәкіров Қорабай Шәкірұлымен кездесу өткізді.

         Шәкіров Қорабай Шәкірұлы 1948 жылы Баянауыл ауданы Жосалы ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтына түсіп, 1971 жылы агрономия факултетін бітіріп шыққан. 1992-1999 және 2002-2010 жылдары Баянауыл ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2011 жылы Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі лауазымында зейнеткерлікке шықты. Баянауыл, Ертіс аудандарының және Павлодар облысының құрметті азаматы. «Құрмет» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

         Қ. Шәкіров, Төтенше жағдайлар және №28 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне қазақ халқының салт-дәстүрінің сақталуы туралы айтты. Біздің ұлттық салт – дәстүр, тіл және музыка, әдебиет – бір сөзбен айтқанда, ұлттық рух бізбен мәңгі бірге болу керектігін атап өтті.

Қатысушылар қоғамдық жаңарудың негізі болып келетін жобаның міндеттері мен мақсаттарын талқылады.

Кездесу барысында атап өткендей, Елбасының мақаласы бүгінгі күні өзекті қоғамдық-саяси және мәдени-этикалық негіздерді жетілдіру тұрғысынан және автор идеяларымен тұжырымдалған бірқатар нақты шаралардан тұрады.

Өз сөзінде Қ. Шәкіров, Президенттің мақаласы еліміз үшін маңызды мәдени-әлеуметтік жаңалық болып табылатындығын атап өтті.

 

 

О. Тусупов

Баянауыл ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы