Баянауыл ауданындағы тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету!

Жарияланған уақыты: 11.02.2019


Қыс -  адам баласына жылдың   ең суық,  әрі қауіпті жыл мезгілі.  Үйдегі жылуды сақтау үшін адамдар таңертеннен бастап , кешке дейін жылыту пештерін жағуда. Күн сайынғы қолданыстан жылыту пештері тозып, түтіннің шығуына кедергі жасап, қауіпті улы газдың үйдің ішіне шығуына әкеліп соқтырады.

Көміртек монооксиді немесе СО, ол температураның жоғарғы қызуынан заттардың тотығу реакциясы. Бөлмеде газдың мөлшерден артық норманың шығуы денсаулыққа зияннын тигізеді, кей кезде өлімге де жеткізу мүмкін. Улы газ ауада тек ғана арнайы құрылғымен анықтауға болады, себебі газдың иісі де, түсі де жоқ.

Баянауыл ауылы және Майқайын кентіндегі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірге 6 көпбалалы жанұялардың үйлеріне қауіпті улы газды анықтау датчигтерді  орнатты. Улы газды анықтау датчигі тұрмыстағы жылыту пешінен шыққан улы газды анықтау үшін қолданылады. Орнату барасында үй иелеріне датчиктің жұмыс істеу принципі, қандай жерде орнатылатындығы айтылып өтті.

Тұрғындар   қызметкерлерге атқарылған жұмыс үшін алғысын білдірді!

 

 

  Баянауыл аудынының ТЖБ бас маманы,

азаматтық қорғау подполковнигі Токатов Д.Т.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы