Баянауыл ауданында табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туындаған жағдайдағы басқару органдары, төтенше жағдайлар комиссиялары, авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылын тексеру бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті.
Оқу-жаттығудың мақсаты Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша әрекет жоспарының, Азаматтық қорғаныс пен ауданның халқын қорғау жоспарының шынайы жағдайдағы іс-әрекетін тексеру, басқару органдары, коммуналдық қызметтердің күштері мен құралдарының, жергілікті атқарушы органдардың алға қойылған міндеттерді орындауға дайындығы жағдайын анықтау, сондай-ақ басшы құрамның төтенше жағдайларды жою барысында халықты қорғауы, азаматтық қорғаныс шараларын орындау бойынша шешімдер қабылдау және іс-қимылдарды жоспарлауындағы тәжірибелік дағдыларын жетілдіру болды.
КШОЖ-ға азаматтық қорғаныстың жедел қызметтері, ауданның АҚ басқару органдары және 31 адам,19 техника қатысты.
Жалпы алғанда оқу-жаттығу «жақсы» деген бағаға өті. Құрылымдар өзара әрекеттестікті үйлескен түрде жүзеге асырды.
О.Т. Тусупов
Баянауыл ауданының
ТЖБ бастығы