Баянауыл ауданыңдағы өрт қауіпті кезені

Жарияланған уақыты: 04.05.2018


Жыл сайын көктем-жазғы өрт қауіпті кезеңі келген мезгілде, қар ерген сайын және жоғары орта тәулік температурасы орнатылған соң өрттермен байланысты жағдай қатаяды.Осы кезде халық ескі құрғақ шөпті, қоқыстарды өрттейді, табиғатқа шығып от жағады және ұқыпсыз темекі тартады. Өрттің пайда болуының ең негізгі себебі - ол адам, оның демалыс және жұмыс атқару кезіндегі орманда отпен абайсыз пайдалану.

Осы мезгілде, Баянауыл ауданының ТЖБ қызметкерлері «Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» жұмыскерлерімен бірлесіп орман шаруашылығында және орманға жақын жерлерінде рейдтер өткізіп, Баянауыл ауданының тұрғындарына өртке қарсы ережерінің талаптарың еске салады;

1.Орманда өртке қарсы ережелерін қатан сақтау.

2.Өрт анықталғаң кезде тез арада өртке қарсы қызметке «101» телефон номірі бойынша хабарлау.

3.Өртке қарсы қызметі келгенше өртті сөндіру және көмектесу іс-шараларын өткізу.

Ормандарда, өртке қарсы ережелерін талаптарын бұзған азаматтарға, Қазақстан Республикасының заннамасымен қарастырылған, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

Баянауыл ауданының

ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі                           Д.Токатов  

   

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы