Баянауыл ауданы. Қысқы кезеңдегі ТЖ жоюға күштер мен құралдардың дайындығын бағалау

Жарияланған уақыты: 07.11.2019


         "Дабыл -1001" сигналын қабылдағаннан кейін аудандық комиссия мүшелеріне ТЖ алдын алу және жою бойынша орталықтандырылған іске қосу бағаны және ауданның басшы құрамын хабарлаудың резервтік сызбасы арқылы хабарлау жүргізілді.

         2019-2020 жылғы қысқы кезеңде төтенше жағдай кезінде жоюға тартылған инженерлік техниканың байқауы да көтерілді. ТЖ бөлімінің бастығы О. Түсіпов Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары С.Ж. Жұмашевқа инженерлік команданың құрылуы туралы баяндады.

         Оқу-жаттығудың жетекшісі алдағы қысқы кезеңге қызметтердің дайындығын тексерді.

         Қызметтің іс-қимылдарын практикалық пысықтау мақсатында Майқайың кентінің қазандығындағы апат туралы шартты белгі берілді, онда сценарий бойынша қазандықтардың бірінде жарылыс болды, ауданның барлық шұғыл қызметтері келген соң апат салдары жойылды және бір зардап шеккен адам эвакуацияланды.

         Оқу-жаттығуға ТЖ бөлімінің, полиция бөлімшесінің жеке құрамы, аудандық телекоммуникация торабының қызметкерлері, медициналық қызмет, АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдары, "Майқайың Алтын" АҚ жылу желілері бойынша техникалық құтқару командасы қатысты.

         Барлық тартылатын құрылымдар, сондай-ақ Баянауыл ауданының азаматтық қорғау қызметтері қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындығының жоғары деңгейін көрсетті.

М. Көшенширеков

Баянауыл ауданы ТЖ бөлімінің

инженері

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы