Балық аулау кезінде мұздағы қауіпсіздік ережелері!

Жарияланған уақыты: 01.02.2019


  Мұзға шықпас бұрын қауіпсіздік ережелерін сақтаған дұрыс, бұл сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді және өміріңізді сақтап қалу мүмкін.

  Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен қысқы балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде әңгіме жүргізілді. Аудан аумағында бірнеше көлдер болуы себепті жергілікті және сырттан келуші балықшылар көп. ТЖБ қызметкерлері 17 балықшыға қауіпсіздік шараларын ескертіп,  оларға 24 дана қауіпсіздік ережелер  туралы жадынамалар таратылды.

  Қысқы балық аулау кезінде белгіленген қауіпсіздік шаралары бар:

- Қалыңдығы жұқа, қатпаған мұзға шығуға болмайды;

- Қамысты жерлерде және ағымдарда мұздың қалыңдығы әлсіз болады;

- Мұздағы қауіпсіздік адамдардың бір-бірінен орналасуына байланысты;

- Мұз үстіне көлікпен шығуға тыйым салынады;

- Балық аулау кезінде алкоголдік сусындардан бас тартыңыз.

Өз өміріңізді сақтаңыз! Қарапайым қауіпсіздік ережелері сіздің өміріңіздің кепілі.

Баянауыл ауданының ТЖБ бастығы О.Түсіпов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы