Баланы жалғыз қалдыруға болмайды!

Жарияланған: 28.09.2016


       Өкінішке орай, балалардың кінәсінан болған өрт сиректік емес екендігін санақ көрсетуде. Сонымен, Павлодар облысы аумағында ағымдағы жылдың есептік күніне дейін «балалардың отпен ойнауы» себебінен тұрғын үй секторында орын алған.

       Өрт қауіпсіздігі – балалардың өсіп және тәрбиеленіп жүрген ортасының бір бөлшегі. Ол өзіне бөлмелердің қондырғыларына қойылатын талаптарды және үлкендердің өртке қарсы білімділігін, яғни өзін өзі ұстау, өрт шығуы тәуекелін азайту және төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттерді қамтиды.

       Төтенше жағдайда өзін-өзі дұрыс ұстау, мысалы өрт болған жағдайда негізгі аман қалу құралы болып табылады. Қорқынышты сезіну кезінде, адам ой даусын емес, сезіміне жүгінеді. Үлкен адам байбаламға түсуі мүмкін, ал балалардың серпілісі – қауіптен тығылып қалу, оны көрмеу. Балалар төсек астына, жиһаз ішіне және т.б. құтқаруға қиын жерлерге тығылады. Сондықтан оларға өрт қауіпсіздігі туралы айтып қана қоймай, өрт кезінде өзін-өзі автоматты түрде ұстауға дейін жеткізу керек. Тек нақты сезімдік бояуы бар сабақтар және ойын жаттығулар олардың сана-сезімдеріне ізін қалдырады.

       Ең бастысы, әрбір білу қажет:

- егер жану 2 минуттан көп жалғасса, ол басталған бөлмеден дереу шығу қажет;

- балалар тығылу өте қауіпті екенін білу керек;

- үлкендер балаларды жалғыз бөлмеде сыртынан жауып кетуге болмайтындығын түсінулері міндетті, себебі арты орны толмас үлкен қайғы-қасіретке алып соғуы мүмкін.

Ешқашан өрттің қауіпті екенін естен шығармаңдар, қайғы әрқайсысыңмен болуы мүмкін!

 

Ьаянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы