Балалармен кездесу

Жарияланған: 22.06.2017


Жылда жазғы демалыс  маусымы басталғанда демалушы балалармен  дәстүрлі кездесулер өткізіледі. Сол кездесулердің бірі 16 маусымда Жасыбай демалыс аймағындағы «Қарлығаш» лагері мен аудан орталығындағы «Жас даурен» облыстық оқу-сауықтыру орталығының демалушы балаларына арналды. Бұл кездесуді облыстық кинология қызметі бөлімшесінің басшысы Г.А.Куценко, аға құтқарушылар К.К.Бейсембаев пен П.П.Дятченко өткізді.

Кездесу барысында іздестіру-құтқару  жұмыстарын жүргізуге арнайы үйретілген иттер үлгілі өнерлерін көрсетіп балаларды қуантса, құтқарушылар өрт қауіпсіздігі, су айдындарындағы шомылу кезіндегі қауіпсіздік және төтенше жағдайлар туындағанда көрсетілетін алғашқы жедел медициналық көмек жайлы әңгімеледі. Кездесу барысында демалушы балалар белсенділігін арттыру мақсатында олардың өздері көрсетілімдерге тікелей қатыстырылды. Кездесулерге жалпы бес жүз отыз екі тыңдаушы қатысты.

 

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы   С.Б.Джанкулов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы