Введите ваш запрос для начала поиска.

Балалардың отпен ойнауы

Жарияланған уақыты: 19.09.2018


Статистикалық көрсеткіштер бойынша өрттердің жалпы санының 2-3 пайызы балалардың отпен ойнау салдарынан туындайды. Балалар ойнау кезінде ересек адамдарға еліктейтіндігі бізге мәлім. Олар сіреңке алып ересек адамдардан жасырын от ошақтарын жағады, темекі шегеді, ал ауылды жерлерде шөптер мен сабандарға от салу сияқты жағдайлар да болып тұрады, соның салдарынан тілсіз жаудың қауіпі төнеді. 2018 жылдың 8 қыркүйегі күні Павлодар қаласында жеке меншік аулада өрт болды, өрттің себебі баланың сіреңкемен ойнауы кезінде шөп маясына от салған, өрттің нәтижесінде 6 тонна шөп өртеніп кетті.

Ата-аналар назарына!

Балалардың отпен ойнауының салдарынан өрт туындап балалардың өртте қаза болуына әкеп соғатындығын, отбасымызға, ауданымызға және республикамызға, жалпы айтқанда біздің тәуелсіз мемлекетімізге шығын келетіндігін ұмытпаңыздар!

Әсіресе, балалар үлкендердің қарауынсыз, өздері жеке қалғанда өрттер жиі туындайды, сондықтанда пеш, газ плитасы, керосиндік шам, майшам жанып тұрған бөлмелерде балаларды байқаусыз қалтырмауларыңыздар.

Балаларды бөлмеде немесе пәтерледе жалғыз өзін қалтырып, есікті құлыптап жауып кетпеңіздер. Балаларға отпен байланысты әр-түрлі ойындарды ойнауына қатаң тиым салу қажет. Балалардың құрылыстарға жақын жерлерде темекі шегуі, сіреңкемен ойнауы және от ошақтарын жағуы сияқты жағдайларды болдырмау үшін қатаң қадағалау керек.

Балаларды үнемі қадағалап отыру өте қиын, сондықтан да сіреңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыздар, үйлердің шатыры мен жертөлелерін ашық тастамағандарыңыз абзал.

Тәжірибелік тұрғыда көрсеткендей, білім беру мекемелерінде өткізілетін өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу жұмыстары, жанұялардың қатысуынсыз жақсы нәтиже бермейді. Құрметті оқырмандар: ата-аналар, аталар мен әжелер балаларыңыз бен немерелеріңізді үнемі қадағалауға, оларға көп назар аударуға шақырамыз. Егер бәріміз бірге өрт қауіпсіздік ережесін қатаң сақтасақ, біз баларды оттан аулақ болуына үйретеміз, сонымен қатар біздің ауданымызда, республикамызда өрттің саны айрықша кемиді. Мектеп, отбасы және азаматтық қорғау қызметі бәріміз бірлесіп жұмыстар атқарсақ жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Өрт, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өрт сөндіру қызметіне телефон шалыңыздар: «101».

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы