Балалар – біздің болашағымыз

Жарияланған: 13.10.2016


         Біз баларымыздың өмірі бақыттыда, қуанышты болуын және  ешқандай қайғылы жағдай болмауын жиі ойлаймыз ба ?

         Өкінішке орай үлкендердің көбі ойлай бермейді. Ата-аналардың естерінде әр қашан бола бермейтін кемшіліктін бірі – балалардың отпен ойнауына жол беру. Кейде отпен ойнаған кінәлілердің өздері оттың құрбаны болып жатады.    

         Неге ондай жағдайлар орын алады ? Ондай жағдайлар көбінесе үйде қараусыз жалғыз қалған бала ең қауіпті сіріңкемен ойнауы. Бірақ олар отпен ойнау қауіпті екенің түсінбейді. Бұндай жағдайлар ата-аналар сіріңкені балалар қолы жететін жерде ұмыт қалдырғанда және электр қыздырғыштарды қосулы күйінде қалтырғанда, жанып жатқан пешті балаларға қаратқан кезде орын алып жатады.

          Кей кезде ата-аналар сіріңкені ойыншық қылдырып балаларды ойнатады, баланың ойында сіріңке ойыншық ретінде қалып қояды. Жанып тұрған сіріңке баланың қызығушылығын оятады, есінде жанып тұрған от көпке дейін қалып қояды. Бұдан кейін бір көргенге кінәсіз көрінетін іс-әрекет, балалардың сіріңкемен ойнайтын қауіпті әдетіне айналады.   

         Отпен тек кішкентай балалар ғана емес, мектеп жасындағы жасөспірімдерде ойнауды қызық көріп жатады. Олар тұрмыстық жаңғыш қалдықтарды жағып, отты аспанға шашып өздерінше фейерверк жасайды. Олардың қолдарына бензин, керосин және тез жаңғыш материалдар аз түспейді. Жасөспірімдердің бұл ойындары абайсыздыққа жатпайды. Отпен ойнау көбінесе қайғыға әкеп соқтырады.  

         Егер сен мектепте өрт шыққанын бірінші болып көрсең, оны өздігіңмен сөндірмей, мектептің кез-келген үлкен қызметкерін – мұғалімді, оқу жөніндегі меңгерушіні, директорды тез арада табуға тырыс. Оған болған жағдай туралы хабарла. Өрт шыққан кезде өзің қауіпсіз деп ойлаған жерге тығылуға тырыспа. Есіңде болсын: өртті сөндіру үлкендердің міндеті. Қажеттілігі болмаса терезелерді ашып, шыныны сындырмау керек. Өйткені бұл іс-әрекетің өрттің одан әрі өршуіне әкеліп соқтырады. От жалынының әрі қарай таралуына мүмкіндік бермеу үшін, бөлме жайынан шыққан кезде соңынан есікті жауып шығу керек. Тіпті оқу дабылы кезінде де эвакуациялауға (көшіруге) дұрыс қарағаның жөн. Өрт – ойын емес. Мектеп ғимаратында өрт туындаған кезде басты міндетің: ғимараттан аман-сау шығып, достарыңның да шығуына көмектесу екенін әрқашанда есте сақтаған жөн.

         Балалар үйде немесе мектепте жүрседе тәрбилік жұмыстар жүргізу керек. Оларға отпен ойнау адам өліміне және көптеген материалдық шығындарға әкеп соқтыратының айтып түсіндіру қажет. .

         Өсіп келе жатқан ұрпаққа қамқорлық жасау тек мемлекеттін және мектептін жұмысы емес. Бұл қоғамның әр азаматының және әр жанұяның - құрметті міндеті.

         Балалардың отпен ойнауымен күресу – бұл өртпен күресу ғана емес. Бұл ең алдымен біздің балаларымыздың өмірінің бақыттыда, қуанышты және денсаулығының мықты болып өсуімен күресу болып табылады.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы