Введите ваш запрос для начала поиска.

Бала өлімі

30-шілде күніанасы таңертең жұмысына кетеді.  А есімді жеткіншек бала нағашы ағасымен  үйде қалады.  Кешке жұмысынан келген анасы баласын іздеп таба алмайды. Ойнайтын жерлерінің бәрін аралап, сағат 24 ке дейін таппаған соң, ұйықтауға жатқан. 1-шілде күні таңертең анасы қайтадан жұмысқа кетіп, кешкі сағат 20.30 да үйіне келеді. Баласы келмегенін көріп, жергілікті  полицияға барып,  баласының жоғалғаны жайлы арыз жазады. Сұрастыра келгенде карьерде жиналған суға шомылуға барған балалар А есімді жеткіншектің суға батқанын көрген, бірақ қорқып, үрейленіп ешкімге болған жайтты хабарламаған.

Таңертеңгі  7сағат 10 минутта жедел құтқару бөлімшесіне Майқайың кенті жанындағы тастанды карьерге жиналған суға бала батып кетті деген Майқайың полиция бөлімшесінен  хабар келді. Бөлімше қызметкерлері қайықтарын алып, Екібастұз қалалық құтқару бөлімшесінен сүңгуірлерді шақырып, жедел түрде апат болған жерге шықты.Бірге шомылған балалар құтқарушыларды апат болған жерге апарып , А.ның қай жерге секіргенін нақты көрсетті. Құтқарушы-сүңгуірлер суға түсіп, бала мәйітін тапты.

    Тереңдігі шамамен 10-15 метр болатын тастанды карьерді бос жыныстармен жартылай болса да, жауып, шомылуға болмайтыны жайлы белгі қойып, осындай өлімді болдырмауға жауапты қызметтер не дер екен?

Жазғы демалыс күндері үйіне симай, не істерін білмей жүрген балалар көбіне ата-ананың қарауынан тыс қалатыны да үлкен бір мәселе болып тұр. Құтқару қызметінің үнемі жасайтын ескертулеріне құлақ асатын адамдар болса екен...

 

№5 жедел құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы

С.Б. Джанкулов.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы