Автокөліктің өрт қауіпсіздігі

Жарияланған уақыты: 26.10.2018


Бүгінгі таңда адам қозғалысының ажырамас бір бөлігі, ол әрине көлік. Ол өте күрделі механизм, оны пайдалана білу керек, және үнемі күтімді қажет етеді. Автокөліктің әртүрлі бөлшектерін үнемі тексерістен өткізіп отырудан бөлек, көліктің өрт қауіпсіздігін де әрдайым бақылауда ұстау қажет.

Автокөліктегі қауіп қайдан пайда болады?

Жанғыш заттардың болуы, жануды болдыратын жағдайлар, жанудың шыққан жері – осылардың барлығы дерлік автакөліктегі өрт шығу қаупін негіздейді. Кейде өрт электр тоғының қысқаша тоғысу себебінен шықпауы да мүмкін, тек қана көлік бөлшектерінің ысып кетуінен де өрттің пайда болу қаупі жоғары. Ойламаған әрі күтпеген жерден (мысалы сарқынды сорғыштың жанында) отын жүйесінің қысымы төмендеп кетуі мүмкін. Бірақ этиленгликолға негізделген салқындатқыш қасиеттері (антифриз) тұтанғыш қасиеттерге ие екендігін көп адамдар біле бермейді.

Сақ болыңыздар: көліктегі өртті бірден байқауға болады. Жанармайдың иісі немесе кабинадан күйген резеңкенің иісі, алдыңғы қақпағы бөлігінен түтіннің шығуы – осының барлығы жану мен өрттің туындауының алғашқы белгілері болып табылады.

Машинаның астына төгіліп жатқан отынды сөндіргенде, өрт сөндіргішті қолданып, көбікті немесе ұнтақты оғынан ортаға қарай бағыттаңыз. Қақпақтың астындағы отты сөндіргенде, оны бірте-бірте және ақырын ашыңыз - дұрысында таяқпен немесе тіреуішпен ашыңыз, себебі бұл өртке әкелуі мүмкін. Өрт сөндіргішті ең қарқынды жанып жатырған бөлігіне бағыттаңыз немесе жалынды брезентпен, құммен, жердегі топырақпен, қармен басуға тырысыңыз, су құйыңыз. Үстіңіздегі киімдеріңіз май немесе қолыңыз жанармайға малынған болса, өрт сөндіруге кіріспеңіз, ол өте қауіпті болуы мүмкін. Жанған өртті тез өшіріп алу қолыңыздан келмесе, көліктен алысырақ жерге барып тұрыңыз, себебі жанармай құйылған ыдыс жарылып кетуі ықтимал. Жанып жатырған көлікке отырып, оны қыздыруға тырыспаңыз. Қауіпті аймақта (кем дегенде 10 метр) адамдар болмауы керек.

Өрт сөндірушілерді күтіп тұрған кезде қасында тұрған автокөліктерге от ұшпас үшін су құйып тұру қажет, немесе, айналадағы ,я болмаса жүргізушілердің көмегімен алыстау жерге апарып қою қажет. Егер көлікте адам қалып қойып, есіктері ашылмай қалса, есіктерін бұзып, немесе әйнегін (монтаждау құралымен, таспен я болмаса аяқпен) сындыру қажет. Зардап шегушіні көліктен шығарып алған бойда «жедел жәрдем» шықырып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, не болмаса алғаш тоқтаған автокөлікпен жақын маңдағы медицина орталығына жеткізу қажет.

 

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы