Автокөліктерді өрттен сақтаңыз!!!

Жарияланған: 10.01.2018


Қатты аяз келуімен, Павлодар аумағында автокөліктердегі өрттердің  өсуі байқалады. Автокөліктерде өрттер болдырмау мақсатында,  Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөліктерді пайдалану кезіндегі өртке қарсы ережелерді түсіндіру бойынша профилактиқалық іс-шаралар өткізді.

Баянаул ауданының ТЖБ  қызметкерлері, Баянауыл ауылында орналасқан автокөліктерді жөндейтін орындарына барып, онда автокөліктерді пайдалану кезіндегі өртке қарсы ережелері тақырыбы бойынша нұсқаулар өткізді.Автокөліктердің иелеріне автокөліктерде болатын өрттердің негізгі себептерін тағы бір рет естеріне салды. Олар: электр сымдарының қысқа тұйықталуы, автомобиль салонында шылым шегу кезінде абайсыз болу, отын,майдың ағуы және қозғалтқышты қыздыру үшін ашық отты пайдалану, электр газ дәнекерлеу жұыстарын жүргізу кезінде отпен абайсыз болу.    

Нұсқаулар жүргізу кезінде автокөліктердін иелеріне «Автөкөліктерді өрттен сақта!!!» тақырыбы бойынша жадынамалар таратылды.

 

 

Баянауыл ауданының

ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау майоры                        Д.Тоқатов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы