Автокөлігіңізде өрт шықса нені білу қажет?

Жарияланған уақыты: 07.02.2019


Жүргізушілердің көпшілігі өздерінің көлігі өртенбейтініне сенімді жүреді. Бірақ, автокөлікте жанар май мен электр желілері бар екенін ескерсек, қауіптің еселенетіні анық.

Жолда түрлі жағдайлар болады. Мысалы, тіпті жаңа жеңіл автокөліктің салонында аяқ астынан түтін иісін сезінуіңіз мүмкін. Тағдырыңызды тәуекелге тікпес үшін тез арада жолдың жиегіне тоқтап, көліктің капотын ашып қарау қажет. Өрт? Бұл жағдайда барлығын секундтар мен дұрыс таңдалған алғашқы өрт сөндіру құралы шешеді.

Көпшілік жүргізушілер жеңіл көліктерін сыйымдылығы 1 литрге дейінгі аэрозольды өрт сөндіру құралымен жабдықтауды жөн көріп, өз өмірін және автокөлігін тәуекелге тігеді. Бірнеше жылғы тәжірибеден қауіп кезінде бұл өрт сөндіргіш құралдарының көмегі тимейтіні дәлелденген. Тіпті отандық болсын, импорт болсын, олар негізінде күрделі жанулармен күресуге арналмаған. Жанып жатырған үйді бір шелек сумен сөндіруге тырысқанмен тең. Бір көмегі – кілемнің үстіне немесе орындықтың қаптамасына түскен темекіні жылдам сөндіру мүмкіндігі. Бұдан шығатын қағида: автожүргізуші аэрозольды емес, 2 литр немесе одан да көп сыйымдылығы бар ұнтақты немесе көмірқышқылды өрт сөндіру құралы болған кезде ғана өзін қауіпсіз сезіне алады.

Екі литрлік балонды көлікке салып қою аздық етеді. Есіңізге түсіріңіз, әдетте сіз өрт сөндіргіш құралын қайда сақтайсыз? Сөзсіз, жүк салғыштың түбінде үйінді заттардың арасында болар. Ал енді, өрт шықты деп ойлап көріңіз. Уақыт секундтпен есептелуде. Қолыңыз дірілдеп тұр. Көліктен түсіп, жылдам жүксалғыш кілтін ашып, үйінділер арасынан өрт сөндіру құралын алып, жалынға бағыттау керек. Бұдан шығатын қорытынды: өрт сөндіру құралы жүргізушінің қасында болуы тиіс. Мысалы, оны орындығыңның артқы жағына болмаса, жүргізушінің немесе жолаушының орындығының астына бекітіп қоюға болады.

Дегенмен, өрт шықты делік. Көліктің жылдамдығын ұлғайту арқылы жалынды сөндіруге тырыспаңыз. Көмектеспейді. Тез арада жолдың жиегіне шығыңыз. Адамдар мен құрылыстан қаншалықты алшақ тұрсаңыз, соншалықты тиімді. Тоқтаған соң от алдыру құрылғысын сөндіріп, көлікті қол тежеуішке қойыңыз, құжаттарыңызды алуды ұмытпаңыз. Жерге төгілген жанар май жанған жағдайда, ең алдымен тұтанған жанар майды сөндіруден бастаңыз. Шешімді тез қабылдаңыз. Қолда бар кез келген құралдар тиімді: аяқ астындағы құм, күртеше. Капотты ашқан кезде қолыңызды күйіктен қорғау үшін шүберекпен немесе сыртқы киіммен орап алыңыз, бетіңізді бұрып, алшақ ұстаңыз. Аса сақ болыңыз, жалын атылуы мүмкін. Жалын жанар май багына жеткен болса, жарылыстың құрбаны болмас үшін тез арада қауіпсіз қашықтыққа қарай жүгіру керек.

Талдау көрсеткендей, апат кезінде жүз оқиғаның біреуінде көлік жанып кетеді, онда да жанар май багы немесе отын жүйесі зақымдалған болса. Ал, электр желілерінің техникалық жарамсыздығынан немесе жүргізушінің қауіпсіздік қағидаларына немқұрайлық танытуынан өрт апатсыз-ақ орын алуы мүмкін.

Өрттен қорғанудың басты әдісі – өрттің туындауына өзің себепші болмау. Тұрғындардың қарапайым ұқыптылығы мен тұрмыстық мәдениеті кез келген қаланы өрттен жүздеген өрт сөндірушілерден де артық қорғай алады.

Құрметті аудан тұрғындары, естеріңізде болсын! Өртті сөндіргеннен алдын алған жеңіл.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы