Ауыл мектептеріндегі кездесулер

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатымен жүргізілетін қыс мезгіліндегі су айдындарындағы өмір қауіпсіздігінің ережелері мен алғашқы көмек көрсетудің қарапайым жолдары  тақырыбындағы кездесулер Қаражар  және Д.Рахметов атындағы білім беру мектептерінде  өтті.

Кездесу-дәрісін жүргізген №5 жедел құтқару тірегінің бас құтқарушысы С.Б.Джанкулов пен құтқарушы К.А.Евченко мектеп оқушыларымен жұмыс барысында тақырыптық слайдтар мен суреттерді пайдалана отырып, балалардың білетініне қосымша мәліметтер қосып, әр адамға ең қымбат болып табылатын өмірімізге қауіп төндірмеу жолдарын түсіндірді.

Күнделікті өмірден қарапайым мысалдар келтіре отырып, қол астындағы құрал-жабдықтар көмегімен апатқа душар болған адамдарға қалайша қарапайым көмек көрсету керектігін үйретті. Кездесуге қатысқан мектеп оқушылары қысылмай, көрген-білгенін ортаға салып, түсінбеген тұстарын сұрастырып, білімдерін молайта түсті.

 

№5 жедел құтқару тірегінің бас құтқарушысы С.Б.Джанкулов

 

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы