Қауіптің алдын алуға арналған кездесу

Жарияланған уақыты: 19.11.2018


17-қараша күні Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 1-5 сынып оқушыларымен «Жұқа мұздың қауіптілігі» тақырыбында күз-қыс айларында су айдындарындағы қауіптің алдын алуға арналған кездесу өтті. Оқушыларға мұз үстінде ойнау, шанамен сырғанау, коньки тебу сияқты әрекеттер кезінде өмір қауіпсіздігін естен шығармай сақтау қажеттілігі қатаң ескертілді. Кездесуге келген балаларға тақырыптық таныстырылым слайдтары көрсетілді. Қуантарлық жағдай: кездесу барсында тыңдаушылар тарапынан кері байланыс өте белсенді болды.

Оқушылар қысылмай, бар білетін ақпараттарын ортаға салып, ойларымен бөлісті. Тақырыптық суреттердегі жағдаяттарды талдау арқылы мұз үстінде орын алатын өмірге төнетін қауіптің алдын алу жолдарын өздері де бірге айтып отырды. Сонымен қатар оқушыларға қауіпті жағдайға душар болған жағдайда  ең қарапайым алғашқы көмекті қалай көрсету туралы да ескертулер жасалды.

Мектеп-интернатының сынып жетекшілеріне, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары  Е.М.Саликоваға, педагог-ұйымдастырушы Ж.Ш.Сарбасоваға кездесуді өткізуге қолайлы жағдай орнатқандарына алғыс білдіреміз.

 

№5 құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы С.Б.Джанкулов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы