Қауіптің алдын алу

Жарияланған уақыты: 07.03.2019


Жыл сайын көктемнің алғашқы күндерінде ауа райының күрт жылынуы қыс бойы түскен қардың еріп, су тасқыны қаупін туғызатыны бәрімізге мәлім.  Әсіресе Қарағанды облысынан басталып, біздің ауданымыздың  Қараащы, Теңдік, Көкдомбақ, Жаңажол, Бірлік ауылдарының территориясы арқылы ағып өтетін Ащысу өзені әжептеуір мәселелер туғызады. Қазіргі күндерде қалыптасқан жылы ауа райы да су тасқынына әкелуі мүмкін. Сондықтан ұялы телефондар, газет арқылы қауіпті жағдай жайлы жіберілетін ақпаратқа құлақ асып, сақтану қажет.

Су тасқынына қалай дайындалу керек? Егер де Сіздің өмір сүретін аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, есте сақтаңыз.

Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Су басып, көшіру жұмыстары жүргізілген жағдайда алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы киімдер мен ең қажет заттарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.

Павлодар облысының №5 жедел құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы С.Джанкулов

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы